Пәннің негізгі міндеті «Құқықтану» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады: 1. - криминалистика ережелерін, оның тергеудің әртүрлі кезеңдерінде тергеу жағыдайын есепке ала отырып, қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесі ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін білімді және түсінігін қолдана білу керек өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, мемлекеттік қызметтің мақсаты мен мағынасын толық түсіну, азаматтық және қызметтік борышын орындау, моральдық, кәсіби этика және қызметтік этикет нормаларына сәйкес кәсіби міндеттерді жинақтау;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік саясатын жан-жақты қолдау бойынша белсенді азаматтық ұстанымда болу, барлық жерде кәсіби құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін жіктеу ;
3. -кәсіби міндеттерді креативті ойлау және шығармашылықпен шешу қабілеттерін тереңдету және үнемі дамыту, бастама көтеру, оның ішінде ақылға қонымды тәуекел жағдайларында, күнделікті қызметте және стандартты емес жағдайларда оңтайлы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау, олар үшін жауапкершілік алып бағалау ;
4.– кәсіби қызмет объектілері болып табылатын құқықтық қатынастарды жүйелі және тұрақты талдау, фактілерді, оқиғалар мен мән-жайларды заңды түрде дұрыс саралау, зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін түсіндіру ;
5. - сыни өзіндік талдау дағдыларына ие болу, оларды өз мүмкіндіктерін объективті бағалауға қолдана білу, өзін-өзі жетілдіру, кәсіби қызметтің өзгеретін жағдайларына және өзгеретін әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделу, жаңа білім мен дағдыларды игеру, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін арттыру, әлеуметтік және кәсіби құзыреттерді дамыту, кәсіби міндеттерді орындауға қатысты бөлігінде өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгерту, шешім қабылдау. 4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.