Реактивті психоздар - психогенді негізді, өмірге қауіп төндіретін, индивидуум сәттілігіне зиян келтіретін факторлар әсерінен дамитын, басым психотикалық сипаттағы бұзылыстар.
Мұндай психикалық бұзылыстар ауыр эмоциональды стресс нәтижесінде пайда болады. Психикалық жарақаттың мазмұны психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісінде бейнеленеді . Психикалық жарақат әсері аяқталғанда олар жоғалады. Ауыр эмоциональді жарақаттан кейін едәуір уақыт өткен соң психикалық бұзылыстар эмоциональды жарақат әсері аяқталғаннан кейін де ұзақ сақталған.
Клиникалық көріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел реактивті жағдай
Созылмалы реактивті жағдай
Созылмалы психогенді реакциялар жиі науқас үшін ерекше маңызы бар жағдайлардан (сәтті өміріне қауіп төнгенде, жақынын жоғалту және т.б.) кейін пайда болады. Мұндай реакциялардың типтік формалары реактивті депрессия мен реактивті параноид болып табылады.
Реактивті депрессия. Бұл кезде науқастың көңіл-күйі жабырқаулы. Ауыр жағдайды туғызған себеп жөнінде үнемі ойда жүреді. Егер бұл жақын адамының өлімі болса, оның ойлары тек сол жөнінде болады. Жиі өзін-өзі кінәләу идеялары пайда болады. Науқас өзін оған дұрыс көңіл бөлмедім, әділетті болмадым, өлім аузынан алып қалу үшін қолдан келгенді жасамадым деп жазғырады. Ұйқысы бұзылып, еңбекке қабілеті төмендейді. Соматовегетативті бұзылыстар байқалады, тәбеті қашып, дене салмағы азаяды, іш қатуы болады. Артериялық қан қысымы көтеріледі.
Реактивті параноид. Қолайсыз жағдайға байланысты туындаған, жеке адам немесе адамдар тобының науқасқа деген қатынасы бойынша жалған пікір және қорытынды жасау. Бұл қате баға беру аса бағалы, сонымен қатар, сандырақтық идеяларлар сипатын алуы мүмкін. Аса бағалы идея формасында оларды түзетуге болады, науқастың ойлары мен ұстанымдарын толық қамтымайды. Ол жарақаттаушы ситуацияны әсірелеп бағалағанымен, шынайы факттарға сүйенеді. Екінші жағдайда науқас түзетуге көнбейді, оның ойлары мен іс-әрекеттері сандырақтық идеяларға бағынышты. Реактивті параноид психожарақаттаушы ситуация жоғалғанда актуальдылығынан айрылады, және осылайша жазылады. Сандырақ идеялар мазмұны жиі соңына түсу, даукестік және т.б. сипатында болады.