Жедел шокты реакциялар ұзаққа созылмайды. Психикалық жарақат жойылған соң олар жоғалады, мұндай науқастар дәрігер бақылауына сирек түседі. Қимылдық қозуды тоқтату үшін фенотиазин қатарындағы препараттарды иньекция түрінде қолданады. Ступорозды науқастарға антидепрессанттар мен нейролептиктерді тағайындауға болады. Препараттардың осындай комбинациясын реактивті депрессиямен, галлюцинациямен науқастарға қолдануға болады. Реактивті параноидпен науқастарға нейролептиктер қолданады.
Реактивті психоздар емі (әсіресе созылмалы ағымдағы) бұл күйді басумен шектелмейді. Сонымен қатар жалпы әлдендіретін және реабилитациялық шаралар қолдану қажет. Бірақ барлық компонентерді кешенді бірлестіру керек, яғни психофармакологиялық, жалпы әлдендіретін және реабилитациялық шараларды үйлестіру керек.
Реактивті психоз күйінен шыққан соң науқастар еңбекке қабілеттілігін сақтайды. Тек реактивті күй ұзақ, созылмалы сипат алаған адамдар бұл тізімге кірмейді.