Сөж пән: Психикалық денсаулық және наркологиядағы мейіргерлік күтім Тақырып



бет4/6
Дата01.02.2023
өлшемі25,9 Kb.
#64503
1   2   3   4   5   6

Истериялық невроз


  • Истериялық невроздың клиникалық көрінісі көпқырлы. Истериялық ұстамалар көрінісі мен ағымы бойынша эпилепсиялық ұстамадан бірқатар ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар жоғары эмоциональды айқындылықпен ерекшеленеді. Осы уақытта науқастар санасын жоғалтпайды, барлық рефлекстер сақталған. Олардың санасы тарылған, және олар өздері үшін эмоциональды мәні бар тітіргендергіштерге жауап береді.

  • Қазіргі кезде истериялық невроздың клиникалық көрінісінде соматовегетативті бұзылыстар үлкен орын алады. Олар айрықша жүрек-қантамырлық бұзылыстармен, асқорыту, тыныс бұзылыстарымен көрінеді. Тыныс бұзылысымен, өңеш спазмдарымен ауыр жөтел ұстамаларына байланысты науқастарды жалпы профильдік ауруханаларға орналастырып қоймай, оларға жиі оперативті көмек көрсетіледі.

  • Истериялық невроздарда қозғалыс пен сезімталдықтың бұзылуы байқалады. Науқастар жүріп-тұра алмайды (астазия-абазия), қабақ спазмдары, афония, аяқ-қолдың салдануы болады. Науқастар жиі дененің әр бөлімдеріндегі және ішкі мүшелердегі ауру сезімдеріне шағым айтады.

Этиологиясы

Невроздың себебі келесі факторлардың бірі болуы мүмкін:


  • стресс және жүйке кернеуі;

  • жағымсыз эмоциялар;

  • психологиялық жарақат;

  • созылмалы шамадан тыс жұмыс;

  • ұйқының болмауы.

      Кейбір сарапшылар невроздың психогендік факторлары ретінде тәрбиені, жағымсыз ортаны (әсіресе балалық шақта), сондай-ақ темперамент пен тұлға типінің туа біткен қасиеттерін жатқызады. Көбінесе невроз бастың физикалық жарақаттары, мидың жұқпалы аурулары, психотроптық заттардың, есірткі мен алкогольдің әсерінен дамиды.

Емі


  • Невроздар емі кешенді болуы керек және ол тек жүйкелік-психикалық бұзылыстарды және оның себептерін жоюға бағытталып қоймай, сонымен қатар науқастың жалпы жағдайын мығымдандыруға бағытталуы керек. Ең алдымен эмоциональды кернеліс пен үрейді басу керек. Бұл транквилизаторлар көмегімен іске асырылады. Терең невротикалық бұзылыстар кезінде кейбір нейролептиктерді де қолданады. Депрессивті көріністер орын алғанда антидепрессанттар тағайындалады. Неврозбен науқастарда үнемі ұйқы бұзылысы болады, ол транквилизатормен қалпына келтіріледі; егер транквилизаторлар көмектеспесе онда қосымша ұйықтар алдында ұйықтататын дәрі беру қажет. Мұндай жағдайда гипнотикалық қасиеті бар дәрілер қолданылады, мысалы, радедорм, эуноктин, феназепан, хлорпротиксен. Ұйқыға кету (қиындағанда) уақыты ұзарған жағдайда димедрол, пипольфен сияқты дәрілер жақсы әсер етеді, сондай-ақ транквилизатордың жеңіл гипнотикалық әсері бар түрлері - элениум рудотель және т.б. жақсы нәтиже береді. Физотерапиялық емдеу тәсілдері де жақсы нәтиже береді: гидропроцедура, электроұйқы, ионофорез.

  • Невроздарды емдеуде психотерапияға үлкен рөль беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет