Сөж пәні: Қазақтың импровизаторлық өнері. Тақырыбы



бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі98,52 Kb.
#94474
1   2   3   4
Байланысты:
Берікханова Арайлым эссе

Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері –
Жемтікке қонған күшіген...
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
дегі күйінеді, Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын, –
деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді.
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, –
деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.
Бірақ, жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар-жапсарда қосың бар.
Жылайсың да шыдайсың, –
деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге, –
дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі. Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме" деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан.
"Атаны бала алдады" деген толғауында ақын елдің жағдайына үңіледі.
Елімде ер қалмады,
Артына қарап бұрылып,
Ашпассың елім, көзіңді, – дейді.
Сонда халық "артына қарағанда бұрылып", яғни өткен тарихына көз жібергенде қайтер еді? Әрине, бұл арада, алдымен үш жүздің хандары мен билері, қаһарман батырлары қазақтың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншыларынан Отанын азат еткенін көрмек. "Ата қоныс Арқадан" толғауында мұны Әмір Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдерімен байланыстыра қарайды.
Кешегі сенің бір ауызды күніңде,
Үш жүздің ұлы қараған Әбілпейіз,
Абылай – Екі сұлтан сұңқарға, –
деп, халқы үшін жауға қарсы аттанған хандардай басшы – көсемдерді армандайды.
Ақын әкімдерді туған еліне "қорқау қасқыр құлықты", "елін жаудай талаған", "ашылған әбден араның" деп қана сынап, сол үшін ғана жек көрмейді. Елді патша өкіметінің жемтігіне беріл қойды, онымен ауыз жаласып, елдің сорын қайнатты, сатты деп кінәлайды.Елді шен-шекпенге сатылған ел басшылары қор қылғанын айтып, күйінеді.Заман осы қалпынан өзгермесе, келешекте мұның ақыры халықты көз көріп, құлақ естімеген қандай сұмдықтарға душар ететінімен шошытып, үрейлендірмек болады.
Сырғалынды күң қылып,
Солқылдақты жүн қылып,
Күніңді тұман түн қылып,
Қыл мойынға тақалтып,
Шабақтай жемге қақалтып,
Көмейіңе салар қармақты...
Жібек жалын жайнатып,
Ортекедей ойнатып,
Қабырғаңды сөгілтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Әлі-ақ шауып алады
Түйең менен жылқыңды.
Егін себер жерді алып,
Бұрынғысы өтірік,
Шыныменен енді алып,
Кетірер кәпір сыйқыңды.
Мұндай төніп келе жатқан қауіпті сезініп, қам жасаушы ұлтжанды, сергек ойлы, серке сипатты жандарды ел тізгінін ұстағандар арасынан көре алмай торығады. Оның есесіне, "бозақор өңкей мастар", "есерсоқ, ойсыз жастар" көбейіп бара жатқанына налыған кемеңгер жырау:
Менің айтқан бұл сөзім,
Саналы болса ой көзің,
Өлең емес, жыр емес,
Құнсыз сөздің бірі емес,
Басыңа түссе білерсің, –
дейді толғанып. Ол еркіндігі жоқ халықтың ауыз бірлігі, елдік қасиеті азаяды, әркім қара басының қамын ойлап, сенім-нанымынан айырыла бастайды, ел ішіне неше түрлі жаман қылықтар жайылады деп біледі. Сөйтеді де, дүние-мал мен қарынның құлы – тоғышарлардын қайырым-сыздығын, екіжүзді арамзалығы мен енжарлығын көріп:
Тесекте жатқан керіліп,
Түзге отырса ерініп,
Аяғын буған қойға ұқсап,
Мойнын ұсынып беріліп,
Қол созбайды азатқа, –
деп ашынады, азаттық, еркіндік дегенді естеріне де алмай, құлдыққа, малайлыққа мойын ұсынып отыр деп кейді.
Түптеп келгендегі Дулаттың аңсаған арман-тілегі – халықтың ұлттық рухын, өзіндік салт-сана, дәстүрін, елдік, ерлік, адамшылық туралы ұғым-түсініктерін сақтап қалу.
Би мен бектің сәні жоқ:
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса,
Ыстығына күймесе,
Суығына тоңбаса.
Батырлықтың сәні жоқ:
Елірген тұлпар ерттеліп,
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйрын құстай толғанып,
Сары садақ асынып,
Егескен жауды қашырып,
....Ұлын қорып жауынан,
Ереулеген егер дауынан,
Тұтамдап оқ жанбаса.
Қазақ жерінің қиыр шығысы мен қиыр батысында араға бір ғана жыл салып дүниеге келген Дулат пен Махамбет туындыларындағы ұлттық бостандық, әлеуметтік әділеттік идеялар әуендестігінің көрінісі болып табылатын бұл өлеңнен де оның авторының шығармашылығына тән сыншылдық ел тәуелсіздігі мен жер бүтіндігін сақтаудан туындап жатқанын көреміз.
Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "Ақтанға" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.
Ақын Ақтан бала ер жетіп, "бадана көз тоғыз тор сауыт" киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
О, Ақтан жас, Ақтан жас, Жау қашырар ма екенсің?
Сен ер жетер ме екенсің, Тұлпар атты жаратып,
Жетімдіктің белінен, Құйрық, жалын таратып,
Асып өтер ме екенсің?.. Бежін ерді ерлетіп,
Бадана көз тоғыз тор Жорыққа жортып терлетіп,
Сауыт киер ме екенсің? Сырты қырлы, жүзі алмас,
Білтеліні тұтатып, Салған дағы жоғалмас
Түтін үзбей оқ атып, Сапы асынар ма екенсің? –
деп толғайды. Ақынның ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.
Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
Талмай талпынса, қайраттанып алға ұмтылса, жетім Ақтанның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет