ғана келеді. Мысалы, айт, елт, өрт, әуп.. Дауысты дыбыстан кейін,
соңғы
дауыссыздың алдында й, л, м, н, ң, р, у, м дыбыстар ғана тұра алады. Бұл
дауыссыздарды ғылым тілінде сонор дауыссыздар не созымды дауыссыздар
дейді.
Ал
ауыр бітеу буында
дыбысы дауыссыз, екінші дыбысы дауысты, үшіншісі
- созымды дауыссыз, төртіншісі - қатаң дауыссыз болады. Мысалы, сарт, селт,
тәйт, дүңк, қант, тарт т. б. Бұл арада ескеріп кететін нәрсе сол:
бұл ауыр
буындардың соңғы екі дауыссызының алдыңғысы созымды,
соңғысы қатаң
болатындығы» деп буын түрлеріне жаңаша атау беріп,
олардың бір-бірінен
айырмашылығын атап өтеді.
Қорытындылай келе айтарым, сөзді, сөйлемді дұрыс құрауда, дұрыс айтуда,
сауатты жаза білуде буынның атқаратын қызметі айрықша. Тілде дыбыс,
әріп қаншалықты маңызды болса, буынның да маңызы соншалық. Буынға бөлу
арқылы сөздің дыбыстық құрамы анықталады. Интонация, үндестік,
тасымал, бәрі де буынмен байланысты. Тіпті, енді аттап, алғаш әріп танып,
ана тілін меңгере бастаған балаға дұрыс оқуды үйрету үшін ұстаздар әрбір
сөзді ең бірінші буынға бөліп оқытудан бастайды. Демек, ғалым Жұбанов
көрсеткендей, буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз
түрлендіру сияқты морфология негізін ұға алмайсың, буынды білмейінше сөз
екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты құбылыстарының да
сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқу
сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Жұбанов “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” Алматы- Ғылым. 1999 жыл.
2.Құдайберген Жұбанов / Жалпы редакциясын басқарған филол.ғ.д.,
профессор М.Малбақов. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты, 2013. – 448 бет.