Сөж тақырыбы: Қ. Жұбановтың буын теориясына қатысты концептуалды ойын жазу Орындаған



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі322,9 Kb.
#132077
1   2   3   4
Байланысты:
Серик Ақерке 1

«қазақ тілі – буыншыл тіл»
деп айтқан болатын. 
Ғалымның «Ауыл мұғалімі» журналының 1934 жылғы 2-нөмірінде жарық 
көрген
«Буын жігін қалай табуға болады?»
деген мақаласында буын 
жайындағы айтқан пікірлерінің маңызы артып, бүгінгі күні тілшілер 
ұстанатын қағидаға айналды деуге болады: «
Қазақ тілінің табиғатын дұрыс 


тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емленіде 
білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұға 
алмайсың, буынды білмейінше, сөз екпіні (ударение), сөз сазы (интонация) 
секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана 
алмайсың, буынды аңғармасаң, ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқусияқты 
сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың; буын жайына қанық болмасаң, 
өлең құрылысының негізімендұрыс таныс бола алмайсың... Буын жүйесі қай 
тілде де белгілі орын ұстамақ. Әсіресе, қазақ тілінде оның маңызы өзгеше, 
артықша».
Қ.Жұбанов дыбыс, буын, сөз, сөйлем дегендердің тіл тарихында дүниеге келіп, 
шығуын бұлайша танып келудің себебі не деген мәселеге жауап береді:
Бірінші себеп – дыбыстар бір кездері, қазіргідей басы ашық, бөлектенген емес, 
бұлардың да жігі ашылмаған кезі болған шығар-ау деп ойға алмау;
Екінші себеп – еңбек техникасы өркендеп, кірпіштерден үлкен-үлкен үй салып 
жатқанымыз сияқты, айналаға технология көзімен қарауға үйрендік, сөйтіп 
дыбыс та қаланып, кірпіш сияқты, сөз жасайтындай көрінеді;
Үшінші себеп ретінде жазу үйренгенде әуелі дыбыстан бастап, сосын барып 
сөз жазу, бізді дыбыстар тілдің кірпіштері деп түсінуге итермелейтінін айтады.
Ғалым «жеке дыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейтінін», дауыссыздар мен 
сонорлар алдынан не артынан бір дауысты дыбыс қоспай, бөлек 
айтылмайтынын және «дауысты дыбыс өзіне ерген дауыссыздары 
сонорларымен бірігіп, бір үйір болып, өзге үйірлерден бөлініп тұратынын» 
айтады. Буын фонологиялық бірлік десек, ал жекелеген фонемаларды бөліп 
айтуымыз лингвистикалық талдаудың талабынан туындаған. Осы тұрғыдан 
алғанда, ғалым пікірі буын теориясы заңдылықтарын дұрыс көрсете 
білгендігін танытады. Ғалым: 
«Сөзді бөліп-бөліп айту керек болғанда үйірі-
үйіріменен бөлсе, дыбыстары өзгермейді, үйірін бұзып бөлсе, омыртқаны 
буынсыз жерден бөлгендегідей болып, сөздің дыбыстарының бірі үзіліп, біріне 
артық дыбыс қосылып, қалпы бұзылады, сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, 


бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз»
, – деп, 
фонетикалық бірлік ретіндегі буын категориясына нақты анықтама берген. 
Тілдегі буындарды құрамындағы дыбыстар санына қарай 4 түрге жіктеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет