•Деректерді жинау, мониторинг және жобаны іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
•Деректерді енгізу және басқару.
Аналитикалық кезең:
•Зерттеу нәтижелері мен ұсынымдардың таралуы;
•Жүргізілген зерттеу нәтижелерімен негізделген өзгерістерді стратегиялық құжаттарға енгізу және осы бағытта одан әрі ықтимал зерттеулерді қарау.
Зерттеу сапасы-бұл оның ерекшелігін көрсететін және оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу қасиеттері мен сипаттамаларының күрделі жиынтығы. Келесі критерийлермен анықталады:
•Жарамдылық-зерттеудің сенімділігі, яғни нәтижелер сенімді және негізделген;
•Ішкі валидтілік-алынған нәтижелердің зерттелетін іріктемеге қатысты қаншалықты әділ болуымен анықталады;
•Сыртқы валидтілік-осы зерттеу нәтижелерінің басқа іріктемелерге қаншалықты қолданылатындығымен анықталады;
•Статистикалық валидтілік іріктеменің мөлшерімен, оның біртектілігімен және топтардың баламалылығымен айқындалады және екі айнымалы арасындағы тәуелділіктің бар екендігінің дәлелдерінің күшін куәландырады.
Қорытынды:
Әр азамат білім алу, жұмыс істеу немесе басқада өзін жан-жақты даму барысында көптеген деректерді біле бастайды. Деректер әр алуан болуы мүмкін, көбіне- сол кәсіби ортаға байланысты болады. Ең маңыздысы, сол деректерді дұрыс жинап, зерттеп, құрылымдау.