Сөж тақырыбы: “ М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов дәстүрі туралы эссе жазу Орындаған: Лесқанова Айсана Тексерген: Абдукаримова р алматы 2021 жыл



бет1/2
Дата04.04.2023
өлшемі37,58 Kb.
#79163
  1   2
Байланысты:
Жанр типологиясы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Факультеті: «Филология жəне əлем тілдері»
Кафедрасы: «Қазақ тілі жəне əдебиеті»
Тт.
СӨЖ

Тақырыбы: “ М. Әуезов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов дәстүрі туралы эссе жазу



Орындаған: Лесқанова Айсана
Тексерген: Абдукаримова Р
Алматы 2021 жыл
Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өз­бек­тер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербай­жан­дар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлы­лы­ғы мен данагөйлігін ашқан Мұх­тар Әуезов те өткен ғасыр­дағы қазақ әдебиетінің алыбы.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы. Бір сөзбен түйіндеп айт­сақ, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері.
Ұлы суреткер феодалдық қоғам ыдырап, қазақ қоғамы капитализмді айналып өтіп, социалистік қо­ғам­ның орныға бастаған тұсында әдеби өмірге келді. Сондықтан да білімділердің бел ортасынан өз орнын ерте ойып алды, ерте жарқ етіп көрінді. Бірақ замана сұра­ны­сына дендеп кіріп, кеңестік әде­биет­тің күрескері де, жаршысы да болып кете алмады. Қытай ой­шы­лы Конфуцийдің: «Өтпелі кезеңде өмір сүрме», – деген даналығы дөп келді. Мұхтар Әуезов рево­лю­ция­ның қызыл қыраны да, дауылпазы да бола алмады. Ол өзінің жан дү­ниесін баурап алған ұлы мақ­сат­тарды бірте-бірте жүзеге асырды. Бұл жазушылық һәм ғалымдық жол еді. Осы жол Мұхтар Омар­хан­ұлын азапты жолға апарды, осы жол Мұхтар Омарханұлын әлем мойындаған қаламгерлердің сапына қосты, осы жол Мұхтар Омарханұлын академиктік дәре­же­ге, Лениндік сыйлыққа алып келді. Осы жол Мұхтар Омарханұлын шын мәніндегі халықтық жазушы дең­гейіне көтерді. Ал халық жа­ды­на енген адамды уақыт та, заман да, қоғам да тарихтан сызып тастай алмайды. Бірақ осындай халық махаббатына жету үшін Мұхаң «тар жол, тайғақ кешулерден», жа­бы­ла қапқан аш бөрі сын­шы­лар­дан, екіжүзді саясаттың, ауыр иде­о­­логияның қанды қақпанынан өтті.
Мұхтар Әуезов қандай адам еді? Халық махаббатына қалай жетті, оның озық ойлы дүние­та­ны­мын тану жолдары қандай? Бұл сұрақты қойып отырған себебіміз мынада. Жылдар жылжып өткен сайын, жаңа Қазақстанның жас ұрпақтары ұлы классик жазушы ту­ралы көбіне интернеттік ақпа­рат­пен ғана таныс болады да, оның өмір жолының сан соқпақ жол­да­ры­нан бейхабар қалады. Сон­дық­тан…
Абай Мұхтарды әдебиеттің шы­ңына көтерді, Мұхтар Абайды әлемге танытты. Бұл − ақиқат.
Абайды тану арқылы Мұхтар Әуезов қазақты, оның тарихын, ұлттық құндылықтарын, салт-дәс­түрлерін, аңыз-әңгімелерін, фольк­ло­рын таныды. Бұл өз кезегінде Мұх­тар Омарханұлының өмірлік принциптерін қалыптастырды.
Ол қандай принциптер?
Өз ұлтының ұлы мұраларын тану арқылы өз халқыңа қызмет етесің. Ұлт мұрасына адал болу ар­қылы халқының санасын оята­сың. Халық ұлағатын насихаттау ар­қы­лы жас ұрпақты тәрбиелейсің. Өзің өссең – халқың да өседі.
Осылай Абайды тану арқылы Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің классигі дәрежесіне көтерілді.
Мұхаңның көзқарасын қалып­тас­тырған тағы бір үлкен саяси мектеп бар. Ол – Алаш идеясы. «Бұл бала Мұхтардың көзі ашық, көкірегі ояу кезіне тап келді. 20 жасар Мұхтар Әуезов «Алашорда» үкіметінің мақсат-мүддесін өмір­лік мақсатым деп түсінді әрі оның жұмысына белсене араласты» (И.Тасмағамбетов, Т.Жұртбай. Кіріспе сөз. М.Әуезов. І том. А. Ғылым. 1997,16 б.).
Атақты Мұхтар Әуезовтің қолжазба қорында «Өз жайымнан мағлұмат» атты жазбасы бар. Сонда Мұқаң:
«Арасында ауырып, оқуды бір­лі-жарымды тоқтатып, доғарып қойып жүріп, семинарияны 1919 жылы шала-шарпы бітірдім. Бұл кездерде февраль төңкерісі бол­ған. 19-жылдың аяғында кеңес өз­ге­рісі болды, әлеумет қызметіне араласып кеттік. Содан кейінгі баспа сөзіне толығырақ аралас­қа­ным 1918 жылы «Абай» жур­на­лының шығуымен байланысты. Ондағы сөздер сырлы әдебиет емес, жалпы мақалалар, бала­лық­тың, жастықтың, әр сайға басын соққан сандалысы, далбасалығы сияқ­ты», – деп жазыпты. (Қол­жазба қоры, 382-папка).
Тағдыр Мұхтарды «Абай» жур­на­лына алып келіпті. Абай жас Мұхтардың алдынан қайта шықты. Атына заты келе бермеген журнал қызметі оны қызықтыра қоймады. Көзқарастағы ішкі қайшылықтар жас Мұхтарды жегідей жейді. Оны қаламгердің «Оқудағы құрбы­ларыма» атты мақаласынан айқын аңғаруға болады.
«Ендігі халық болумызға ұйытқы болатын нәрсе – құрыш құрсаулы әділ, қатал билік. Ендігі хакімнің негізге құрылған законы болмаса, жуан атаның еркі ел ішінде жүрмеуі керек. Әлі де жуан ата билеп-төстеп, қадірлі бо­ла­тын болса, автономия деген, бө­лектік дегеннің бәрі де сырты бү­тін, іші түтін болады. Бірақ мұн­дай күйді бұрынғы уақыт көтерсе де қазіргі уақыт көтермейді… . Біз әлі шикі жұртпыз, талай өзге­ріс­ке мойын ұсынамыз. Заман еріксіз мойын ұсындырады… Бұл халді әркім ескеру керек» (М.Әуезов шығ. 20т. 1984. 15 т. 10 б.).
Мұхтар Әуезов Ресей құра­мын­дағы «Алашорда» үкіметінің жолы дұрыс болғанымен, дербес ұлттық мемлекет құруға жол берілмейтінін түйсінеді. Ойын ашық, бүк­пе­сіз жариялайды.
1919 жылдың 1 желтоқсанында Семей губерниялық револю­ция­лық комитеті жанынан қазақ бө­лі­мі ашылып, Мұхтар Әуезов соның бір бөлімін басқарды. Жоғалғаны табылып, өшкені жанғандай еді. Енді халық үшін қызмет ететін шақ туды деген ойға келді. Және бұл көзі ашық, сауатты жастардың бәріне ортақ міндет деп есептейді. Осылай Мұхаң «Қазақ оқыр­ман­да­рына ашық хат» жазды. (М.Әуезов шығармалары. 1984. 15 т. 30 б).
«Осы күнде не қылса да оқы­ғандардың бәрі де барын салып еңбек қылып, осы өкіметті сендіру керек. Сонымен бүгінгі мекеме атаулыда бос қалып жүрген қа­зақ­тардың мұң-мұқтажын орын­дау керек. Қашып бағудың ешбір себебі жоқ. Совет өкіметі үлкен жазығы бар адамдарды да қа­та­рына кіріп, пайдалы қызметтерді істеймін десе – қумайды. Егер қазақ оқығандары Совет өкі­ме­тінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы: Оқығанның қайсысы болса да азғантай пайда келтіре аларлығы болса, тезірек қалаға келіп қызметке кіруі керек… Қазақтың қамын жейтін оқы­ған болса …бос жүргеннің бәрі келуі керек».(сонда.)
Бұл ұлттық патриотизмнің жар­қын көрінісі. Қалай болғанда да оқығандар мемлекеттік қыз­мет­те көп болса, солғұрлым қазақтың, солғұрлым халықтың көзін ашады. Ол жаңа заманда адаспай өз орнын таба білгенін қалайды. Кейін большевиктер партиясының бір мемлекет құру идеясын жүзеге асыра бас­тағанын көрген соң, саяси жұ­мыстан бір жола қол үзеді. Жан күйзелісін жазудың бір ғана жолы бар еді. Ол – қалам, ол – әдебиет. Әде­биет − үлкен әлем. Оған қа­лам­гер бәрін де сыйғыза алады. Ақ қағаз бен сия сауыт Мұхтар Әуе­зовті әдебиеттің шыңына көтерді, ол өз қиял-дүниесінің билеушісі бо­лып, сөз пат­шалығының хакіміне айналды…
Мұхтар Әуезов халыққа өз сө­зін, өз көзқарасын жеткізудің бір ғана жолын көрді. Ол – драматургия еді. Әуелі «Ел ағасы» деген 4 көріністі драма жазады. Бірақ ол ізім-ғайым жоғалып кетеді. Ал, «Бәйбіше-тоқалдың» жөні бөлек. Бұл шығарма әлі күнге театр сах­наларынан орын алып жүр. Әр режиссер «Бәйбіше-тоқалды» әртүр­лі қойғанымен, пьесаның негізгі лейтмотиві сақталуда. Бір-бірін көре алмайтын бәйбіше-тоқал орыс офицері келгенде жайылып тө­сек, иіліп жастық бола қалады. Авторлық ремарканың күштілігі сон­дай, мұнда болашақ ұлы жа­зу­шы қазақ болмысының траге­дия­сын күнделікті өмір көріністері ар­қылы дөп көрсетеді, іштегі қы­жы­лын сыртқа шығарады.
1921-1922 жылдар қазақтың басына қара бұлт болып келді. Елді аштық жайлады. Бұл жас Мұх­тардың көзқарасын толықтай қа­лыптастырды. Енді шыдау да, үн­сіз қалу да мүмкін емес еді. Ол қа­зақ қызметкерлері Одағы кеңе­сі­нің мәжілісінде запыран сөзін айтты.
«Шындығына көшсек, ашар­шы­лық жайлаған қырдағы елдің қырылғанының жанында, қала­да­ғы аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты әсер етеді. Егерде бұл аудандарды аштықтан құт­қа­ру үшін дәл қазір шұғыл түрде шешуші шара қолданбаса, онда Қа­зақ Республикасы қазақсыз қа­лады».
…«Өкімет басында отырған қазақ қызметкерлері, бұл істі дәл сол күйінде қалдырып қоюға бол­майтыны өз алдына, бұл сіздер үшін қылмыс, біз бұл үшін Қазақ елінің алдында, өзіміздің ары­мыз­дың алдында жауаптымыз». (ҚР МОА. 82 қор. 42-іс. 23-24 па­рақ­тар).
Мұхтар Әуезов халық траге­дия­сын өз трагедиям деп білді. Ащы шындықты ашық айтады, батыл айтады. Мұндай тақы­рып­ты, әрине, жүрегінің түгі бар, ұлт­жанды адам ғана қозғай алар еді. Міне, осындай жағдаяттар Мұхтар Омарханұлының жанын күйзелтті, мұндай қылмысты көру де, оған ортақтас болу да өліммен пара-пар еді. Сондықтан да Ташкентке ба­рып, Орта Азия университетінің дәрісханасына отырды, бұдан кейін де пайыз таба алмай Ленин­град­тағы университетке ауысып кетті. Елден кеткенмен ел елесінен кете алмады. Біраз әңгімелері, атап айтқанда «Қыр суреттері», «Жас жүректер», «Заман еркесі», «Кім кінәлі», атты шағын хикаяттары бірден Мұхтар Әуезовтің атын шығарды. Топ жарып шыға келген жас дарынға біреулер қуанып, біреулер кектеніп қарады. Оның үстіне 1922 жылы «Шолпан» жур­налында Мұхтар Әуезовтің «Қа­зақ­тағы қалам қайраткерлеріне» атты ашық хаты жарияланды. Онда жазушы баспасөздің қоғамда алатын орны һәм оқырманға қа­лам­гер қандай материалдар ұсыну қажеттігі туралы бүкпесіз ойын айтады. Әрі ұлттың басындағы жа­ғымсыз әдеттерді сынап мінейді.
…«Бұл баспасөздің басылуы, күшейген уақыты деуге болады. Бірақ, қалың қазақтың тілегіне келгенде бұл, саны бар, сапасы жоқ сөздерге ұқсайды. Өте көп, өте қиын жаңа сөздер сөйленіп жатыр. Солардың әдебиет ар­қы­лы бірде-бірі қазақтың миына кеп, рухына сіңді ме? Сіңген жоқ. Себебі, бұл сөздер суықтық қылып отыр. Елдің қышулы жерін та­уып, өзінің керек боларлық орнын білмегендіктен, оқушыны таба алмай отыр.
…Біздің осы күнгі бас­па­сөзі­міз­ден арзан сөз жоқ…
…Жазушының міндеті: ел неге қызығады, нені көксейді, қандай рухы бар, соны ұғып алу, һәм соған лайықтап сөз жазу.
…Қазіргі кейбір баспасөздерде көбіне, қазақтың мақтан­шақ­ты­ғы шығатын болды.
… Шығып жатқан газеттер­дің бұндай істерге жамандау мен мақтаудан қолы тимейтін болса, оларға бетіңнен жарылқасын дейік… Таза әдебиетке бір жол салу, бет түзеу де бүгінгі күннің қа­рызы сияқты…» («Шолпан» 1922 ж. №.2,3. А., «Анарыс» 2010ж., 70-71 б.).
Мұхтар Әуезовтің бұл хаты биліктегілердің шамбайына тигені анық еді. Ашық ойдан жау іздеу қара шегіркедей қаптап, қоюланып келе жатты. Енді әдебиеттегі «жолбикелермен» күрес мемлекеттік саясаттың бір тармағына ай­нал­ды. Әрине, мұндай мақала үшін өкімет Әуезовті қалай жақсы көр­сін. «Жолбикелермен» күрес бас­талды. Өкіметтің «жолбикелері» дегендері кімдер еді? Олар – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағ­жан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Да­ниал Ысқақов, Жанша Дос­мұ­ха­медов, Қошке Кемеңгерұлы сияқ­ты Алаш ардақтылары болатын.
Осылай Мұхтар Әуезов проле­тарлық әдебиеттен шошынған, ескі дәуірді аңсайтын, оның құнды­лық­тарын жаңа заманның парасат биігінен жоғары қоятын қаламгерге айналып шыға келді. «Қарагөз» трагедиясы сол садақ қадалатын жамбыға айналды. «Қайран елім қазағым, қайран жұртым…». Ақы­ры «Қарагөз» сахнадан алынып тасталды. «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Қарагөз», «Бәй­бі­ше-тоқал» сынды классикалық шы­ғармалар арқылы Мұхтар Әуе­зов қоғам мен адам ара­сындағы тағдыр таласы туралы траге­дия­лық шешім арқылы, тұспалды ой айтты. Бұл ұлтты түзеу үшін қа­жетті дүниелер еді. Бірақ «тырнақ астынан кір іздеу» оңайдың оңайы. Бұл ретте Иманғали Тасма­ғам­бетов пен Тұрсын Жұртбай жазған мына бір пікірге толық қосыласың.
«Әуезовтің бұл кездегі жан дүниесінің толғағын аңғартқан да, кейін сан өкіндіріп-опындырған да, ашындырып-аялаған да – осы «Қарагөз». Әлеуметшіл сыншылар әр сөз бен әр ноқаттың арасынан жасырын сыр, емеурін іздеді. Олар үшін «Қарагөз» өткенді аң­саған зар, көшпелі әлемнің жоқ­тауы ғана еді. Сырымның Қара­гөздің қабірі басындағы моно­логы­нан құранның уағызын естігендей болады» (М.Әуезов. Шығар­мала­ры­ның 50 томдық жинағы. А., Ғылым, 1997 ж., 23 б.).
Бұл дәл айтылған сөз, ащы да болса шындық.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай» эпопеясына бастаған әдеби жолдың бірі оның «Еңлік-Кебек» пьесасы болды. Бұл пьесаның тарихы, архитектоникасы, көркем­ділігі мен бейнелілігі туралы көп зерттеу жүргізген, драма таби­ға­тының тамыршысы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғали еді.
Рекең «Еңлік-Кебек» аңызы­ның екі әңгіме, екі поэма түрінде төрт нұсқасы болғанын, және ол нұсқалардың барлығы да бір-бірі­мен алшақ еместігін мысалға ала отырып, Еңлік пен Кебек тағдыры найман-тобықты конфликтісінен туындаған махаббат трагедиясы екен­дігін дәйектейді. Нақты мы­сал­дар келтіре отырып, Мұхтар Әуезов пьесасының кезінде сын­шылар қаһарының ілігуінің себептерін түсіндіреді. Сөйтсек, мәселе мынада екен. М.Әуезов «Еңлік-Кебектің» алғы сөзін өзі жазыпты. Мұны бүгінгі ғалымдардың көбі біле бермейді:
«Айнымаған: кешегі күні жа­қы­нымен жатша жағаластырған алтыбақан алауыздық. Алаштың аты озғанша, ауылдасының тайы озсын деген берекесі, тыныш­тығы жоқ, бітімі, тынымы жоқ қазақ әлі сол қазақ. Өз қайратын өзі жойып, қасындағы туысқанын қарақтап, өз қолын өзі байлап берген қазақ әлі күнге сол қазақ, өшпеген мінезі осы. Ұмытылмаған әдет, жазылмаған дерт осы». (М.Әуезов. «Еңлік-Кебек» 4 перделі пьеса, 5 суретті трагедия. Орын­бор, 1922, 2-б.)
Енді 1930-жылдарға келейік. Бұл кезде Мұхтар Омархан­ұлы­ның жағдайы күрт төмендеп, тұт­қында отырады. Тергеу екі жарым жылға созылады. Осы тергеу ма­териалдарын тауып, халыққа жеткізу міндеті тұр. Бұл күнге де жетерміз. Ол зобалаңнан Мұқаң «Со­циалды Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттеріне өз қателігін мойындаған ашық хат жазып, әрең құтылады. Бірақ шын­дықты айтудан тартынып қалған жоқ. Күллі түркі әлемінің, құн­дылығы қырғыздың «Манасын» қорғаған ерлігі не тұрады?! Бұл, әрине, айтуға ғана жеңіл


Романда … ең бастысы – ұлы Абай өзінің бар болмысымен, тұл­ғасымен көрінген. Шығарма бізді оның өмірімен қоса, бүкіл твор­чествосымен, әр шығармасының туу жолымен таныстырады. Абай­ды көп елдердің өз шығар­ма­лары арқылы емес (оларды ау­дар­масы әлі де қанағаттан­дыр­май­тыны белгілі) Мұхтар романы ар­қылы тануы да осының дәлелі» деп жазған академик Серік Қи­рабаевтың пікірі әлі де өміршең.
Ұлы Абай шығармаларын орыс тіліне ғана емес, ағылшын, араб, француз, испан, неміс тілдеріне кемеліне келтіріп аударуымыз қажет. Өйткені, Абайды таныған ел қа­зақты таныр еді, қазақты таныған ел Мұхтар Әуезов сынды ғұлама ғалымды, классик жазушыны тани түсер еді.

Әдеби шығарма – нұрлы дүниенің сырлы бөлігі». Ол өмірдің өзі секілді күрделі, бұрланы көп, қия – қалтарысы мол шытырман шындық. Байыптап қарасақ дүниенің бүтін бір бөлігін күллі тамыр – теренімен қопарып алып, ажарлы әрі асыл өнер туындысына айналдыру, оның мазмұны мен пішініне жан тебірентер өнерпаздық қасиет дарыту - тек тарлан таланттың ғана қолынан келетін іс», - деген З.Қабдоллов пікірінде терең ой, көп мағына жатыр. Сәтті шыққан әңгіме немесе шығарма - бір ғана жазушының жетістігі емес, ол бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс. Ал енді таза әңгіме жайына көшсек. Адам тағдырын әр қырынан алып көрсетуге де көркем әңгіменің икемі толық жетеді. Оның өзіндік қасиеттерін меңгеріп, сарқа пайдаланса, шағын әңгіме шеңберіне шалқар идеялық-мазмұн сыйғызуға болады. Көлемді роман, повестерге қарағанда, әңгіме өз оқырманын тез табады. Сондықтан бар идея, толғандыратын әлеуметтік проблема, айшықты эстетиканы барлық халыққа жеткізуге мүмкіншілігі орасан зор. Әрі жеңіл, әрі бір демді оқылады да, өз әсерін жылдам тигізеді. Әдеби жанрдың қайсысының да өмір қажеттілігінен туатынын дәлелдей келе, В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жәйттерді қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді.» – деген болатын. Мұнан әрине романды жоққа шығармаймыз. Демек, әңгіме заман сипатына, оқырман талабына лайық, аса қажетті жанрдың бірі, сондықтан оның өміршеңдігі арта түспек. Осы тұрғыдан қазақ әңгіме, новелласының үздік шебері Б.Майлин өз шығармаларында халық өмірінің көркем шежіресін жасап кетті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.Осындай тарлан талант, кесек құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі – Бейімбет Майлин. Ол әдебиеттің поэзия,проза,драматургия саласында бірдей қaжырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды. Майлиннің бізге үлкен өнеге болатын көркемдік қасиеті — қарапайымдылығы. Онда өзі бастаған жас әдебиетке тән әшекейге, бірден бетке ұратын арзан әсерге құмарлық жоқ.  Бейімбет Майлиннің бірқатар туындылары әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Раушан – коммунист», «Берeн», «Күлтай болыс» және тағы басқа әңгімелеріндe қaзaқ қызының тағдыры мен жағдайы туралы,әйелдің отбасындағы,өмірдегі орны мен рөлі жайында жазды. Жазушының әңгімелері мол: «Ұлбосын», «Сары ала тон», «Сот алдында», «Әліштің пырағы», «Қызыл әскердің үйі», «Таңба», «Қара шелек», «Кенес ағасы Қамила», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Қалекеңнің үйінде», «Көктеректің бауырында», «Колхоз қорасында», «Охрана бастығы», «Сары май», «Бейсекеңнің үйінде». Жазушы бұл туындыларында тақырыпты дараламай көп қырлы өмірдің басқа салаларына да ықпал жасарлық жаңа қадам түрінде суреттейді. «Раушан – коммунист» әңгімесінде кедей шаруаның әйелі Раушанның өсу жолы,оның күйеуі Бекеннің ескіліктің шырмауынан шыға алмай адасуы өте дәлелді суреттелген. «Күлтай болыс» әңгімeсінде бұрын отбасы, ошақ басынан шығамын деп ойламаған Күлтайдың болыс болып сайлануы,оның әуелде жасқанып,кейін төселе келе мәселені әділ шeшeтін қызметкер болып шығуы әңгімеленеді.Б.Майлин – ірі бaйларды тәркілeу,кедей шаруаны ұжымдастыру шаралары кезінде тарихи оқиғаның ізін суытпай,оларды көркем шығармаға арқау ете білген жазушы. «Ұлболсын», «Сот алдында», «Дайрабайдың көк сиыры» туындылары осыған дәлел. «Сары ала тон» әңгімесінде тәркілеухабарын естіген байдың үйінің қасіретті халі суреттелсе, «Арыстанбайдың Мұқышы» әңгімесінде ұжымдастырудың алғашқы жылдарындағы жалған белсенділердің образы беріледі. Ал «Күлпаш» әңгімесі – ел басына түскен ашаршылықтың шындығын көрсeткен шығармалардың бірі.Онда аштық алдындағы дәрменсіздік,ұлы мен күйеуінің аштықтан аман қалуы үшін Күлпаштың ойда жоқ әрекетке баруы,яғни басқа ерге шығуы әңгімеленеді. «Жазушы өз шығармашылығында қораштыққа басқан жоқ. Қарапайым халықтың өміріндегі, ойындағы, қиялындағы құпия күйде қалып келген мол көркемділікті ашты. Оның көркемдігі замана көркемділігімен нәрленді сөз көркемділікке қазына болып қосылып байытты» , - дейді Темірлан Нұртазин.Майлин – шыншыл суреткер. Ол өмірде болғанды, болуға лайықтыны әңгімелеріне арқау етеді. Әңгімелері тікелей өмірді жанды көрінісімен көз алдыңа әкелгендей болады. Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады. Жазушы кейіпкерлердің, оқиғалардың тереңдігін қайшылықтарын ашқанда оны жадағай қалпында бермей, перделеп «қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» деген нақтылау жобасымен суреттеуге бейім.Бейімбеттің әңгімeлері қазақ тарихының бейнелікөріністері іспеттес.Біз оның шығармаларын оқи отырып,жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақтың басынан өткен оқиғалардың куәсі болғандай әсер аламыз. Өйткені Бейімбет адам кескінін де , заман келбетін де ғажайып көркемдік күшпен танытып кеткен.Майлиннің шеберлігі жөнінде Сәбит Мұқанов былай деген: «Оның стилінде ашық түсінік,ойлаулы сөз, дәлдік ұғым бар».Менің ойымша, Бейімбет Майлин әрі қысқа,әрі нұсқа туындылары арқылы қазақ ауылының өткен ғасырдың басындағы көркем шежіресін жасауымен ғана емес,әдеби шеберліктің мектебін ашып,шынайы таза үлгісін көрсеткен классик- суреткер ретінде, шынайы қазақ халқының өміріндегі мәселелерді көтеріп,керемет тілмен жеткізген әңгіменің хас шебері.Бейімбет Майлин туындылары осындай көркем өнердің баға жетпес меруерт – маржандарының қатарынан орын алып, талай ұрпаққа тағылым беріп, суреткердің өзі мәңгілік құнды асыл сөздерінің арқасында біртума дарын ретінде халық жүрегінде мәңгілік сақталатынына ешбір күмән жоқ.
 
Қорыта келгенде,әдебиет – ар – иман, инабат құралы. Бейімбет Майлин қаламынан туған шығармалар қазiр де өзектiлiгiн жоймай, бүгiнгi күн мәселелерiне жауап бере алады. Өйткенi, оның шығармаларының тамыры тереңде, халық тағдырымен бiте қайнасып жатыр. Қаламгер қандай мәселенi көтерсе де арқауында шындық жатыр. Бейімбет шығармашылығын зерттеушілердің бірі Тоқтар Бейісқұлов қаламгердің бұл шеберлігінің сыры туралы өзінше ой қорытып: «Әдетте нағыз қаламгер көп жүргенді, елді, жерді аралағанды, өмірді өз көзімен көруді қалайды, барлап, зерттеп ой қорытады. Сондықтан да ол үнемі өмірден өз кейіпкерін іздейді. Жүрген жолында, болған жерінде әрқилы тағдырлы адамдармен кездесіп, олардың мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұрмысын бақылап, жүрек түкпіріне түйеді», - дей келе негізгі себеп – жазушылық пен журналистікті ұштастыруда деп түйіндейді. Бейімбет Майлин әңгіме жанрын ерекше әрлеп,классикалық биікке көтерген нағыз қаламгер шебері.Қаламгердің шығармалары қазақ әдебиетінің барлық саласын байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі жасайды және мектеп бағдарламасында жазушының шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың қазақ әдебиетінің проза саласына деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Қаламгердің мазмұны терең, көркемдігі кестелі, ойы ұшқыр туындылары талай ұрпақтың рухани азығына айналып, сан алуан зерттеулердің нысаны болып, өз мәнділігін мәңгілік жоймайтынына, талай оқырманның көкірек көзіне ой салып, көңілінен шыға береріне, сөз өнерінің қиын да күрделі жолына түскен өнер адамдарының бағыт алар темірқазығы боларына сеніміміз мол.
Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік ерекшелігі болады. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді–кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең–ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін де алып тастауға көнбейтін Ж.Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін «өмірдің өзінен ойып алған» Б.Майлин сөйлемдерін басқа қаламгерлермен шатастыруға болмас.
Әдебиет әлеміне 20 – жылдардың аяғында келген жазушы
Ғ.Мүсірепов шығармашылық жолын әңгіме жазумен бастап, қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорына «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында» сияқты прозалық сүбелі туындылармен қатар, бірнеше ірі драмалық шығармалар, әр алуан тақырыптағы үлкенді – кішілі әңгіме, повестер қосты. Әрине, әдебиет туралы ортаға салған ойлары мен толғаныстары өз алдына бір төбе. Жазушының шеберлік шыңдау мектебі, «әсемдік әлемінің» алғашқы баспалдағы– прозаның шағын түрі әңгіме болды.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі «Ғабит Майлин ізімен, бірақ одан басқалау романтикалық стильде әңгіме жанрын дамытып, сол арқылы күшті, татымды образдар галереясын жасады» деп көрсеткен болатын.
Өмірде әрбір адамның өзгеге ұқсамас өз өмір жолы болатыны секілді, әрбір шығармашылық адамының шығармашылық ұлы көшке келуі де, қызығы мен қиындығы, азабы мен рахаты, жеңісі мен жемісі мол сол көшке ілесуі де әрқилы болатыны заңды. Шығармашылық жолындағы өмірлік тәжірибесі жазушы шығармашылығына әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да болар жазушы әңгімелерінің тақырып аясы кең, ішкі мазмұны терең, айтар ойы анық.
Жазушының алғашқы әдеби көркем шығармасы «Тулаған толқында» жиырмасыншы жылдардың аяғында жазылды. Қазіргі кезде бұл шығарма повесть ретінде қарастырылғанмен, шығарманың алғашқы нұсқасы ұзақ әңгіме болған. Мұнан кейін жазушы қаламынан «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Жеңілген Есрафил», «Ер Қаптағай», «Қыран жыры», «Өмір жорығы», «Тарғыл қауын», «Сөз жоқ, соның іздері, әйел – ана тақырыбына арналған шоғыр әңгімелері туды. Бұл әңгімелерін тақырып тұрғысынан қарастырсақ сан алуан.
Жазушы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінде «тақырып байлығымен, жаңалығымен ғана емес», стильдік шеберлігімен де ерекшеленеді.
Қазіргі қазақ әдебиеті классиктерінің бірі С.Мұқанов кезінде Ғ.Мүсірепов шығармашылығының танылуына, өсіп жетілуіне баса назар аударып, көп ретте тікелей ықпал еткені де белгілі. Сондықтан да С.Мұқанов замандас қаламгердің шын шеберлігінің әдемі өрнектерінің «кілтін» дөп басып айтып береді: «Ғабиттің жазушылығының тұтас алғанда өзіне тән өзгешеліктері бар. Біріншіден, Ғабит бойына сіңбеген тақырыпқа жармаспайды; екіншіден, бойына сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асықпайды, сондықтан да шығармаларының шикісі аз болады; үшіншіден, жазатын тақырыбына күй таңдайды, күйі жетпесе игерген тақырыбын да жаза қоймайды; төртіншіден, шығармасына өте ұқыпты, сондықтан хал – қалдерінше олпы –солпысыз шығарады; бесіншіден, тілге үнемшіл, сипаттап, суреттеп отырған оқиғасына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтыншыдан, жарқылдақ сөзді көп қолданып, шешен сөйлеуге тырысады; жетіншіден, адам портретін жасауға қазақ жазушыларының ең шеберінің бірі»
[1/ 552].
«Қазақтың сөз өнерінде «Ғабитің тілі» деген тіл бар. Ол қандай тіл? Ол – «сымға тартқан күмістей» сұлу тіл. Ол – нақты тіл, затты тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен салынған сурет. Ол – биік парасат, терең философия. Ол – сыр, сезім... Ғабит тілі–сырлы да сиқырлы тіл» [2/58], «....қағаз бетіне түскен қолының дір еткен тұсы болмаған, әрқашан еркін, батыл байсалды қозғалған; әр сөз өз орнында шебер құрылысшының кірпішіндей берік қалаған да отырған» [3; 5].
Қаламгер өзінің жоғары сапалы прозалық, драматургиялық, сын– әдебиеттану еңбектерімен түрлі жанрдағы жазушыларымызға өнеге, үлгі болып келеді. Теориялық, творчестволық пікірлер толғап, идеялық-эстетикалық пікірімізді дамыту да қосқан сыбағасы, үлесі зор. Ғ.Мүсіреповтың әлеуметтік, қоғамдық зор мәнді мәселелер жайында толғанатын, әрдайым өзі өмір сүрген бүгінгі қазақ қауымның іргелі толғақты мәселелерін, проблемаларын тербейтін жазушы. Қоғам өміріндегі ең сүйікті, өзекті, шешуші мәселелер – халықтың елдік, экономикалық, мемлекеттік, мәдени рухани тіршіліктері.
Ғабит Мүсірепов стилі өмірді терең, көрікті ашады. Әр сөзі, әр тіркесі шебер қиысып, мәнерлесіп келіп сымбаттанып кетеді де, көп көрініс көз тындырады. Ғабит стилі – суретке толы. Өйткені жазушы айналаға үлкен суреткерлік сезіммен қарап, образ арқылы қабылдайды. Төңірек тірі образға толып кетеді де, ирония мен юмор да қойдай өріп жүреді. Реніш пен күлкі араласқан бедерлі образ суреткер сезімін хабарлайды.
Ғабит алғашқы повестері: «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілерде» өмірге ажуалай қарап, жымыя күліп прозаға жаңа бір өрнек ала келгені мәлім. Бұл ажуа өмірді жеккөріп, іштей наразы болғандықтан туған ащы сөз емес; қайта өмірді сүйген, жақсылыққа құмартқан жазушының жылы лебізі, жарқын қабағы еді. Көркем сөз шебері Ғабит Мүсірепов өз шығармаларында халық тілін молынан пайдаланып отырады. Оны пайдаланғанда, өз елегінен өткізіп, оған өзінше ерекше әуен, лебізді үн қосады, сөйтіп барып көркемдіктің көрінісін тудырады. Бұл ретте тіліміздегі мақал – мәтел, нақыл сөздер да оқиға желісінің ыңғайында орынды пайдаланып, олар шығарма тілінің көркейе түсуіне одан сайын ажар беріп тұрады. Ғабең қолданысындағы кейбір сөйлемдердің өзі табиғаты жағынан нақыл сөздерге де айналып жатады. Бұл, әрине, автор ойының тапқырлығы мен ұшқырлығынан туындайды. Романдағы жазушы қолданған кейбір нақыл, мәтел сөздердің сипаты төмендегідей болып келеді: «Жаман иттің атын Бөрібасар қоймас болар». «Құдай сыбырлағанды естісе, сайтан сыбырламасаң да естиді. «Етті өзбек пісірсін, қырғыз турасын, қазақ жесін», «Ойда он өгіздің мүйізі сырқыраса, қырда қырық өгіздің мүйізі сырқырайды», т.б. Міне, осындай ұғымдағы тіл өнерінің үлгісін өз көзі тірісінде Ғабең айқын көрсетіп кетті. Көрсетіп қана қойған жоқ, тіліміздің тазалығын сақтай білуге сақтандырып кетті. Тілдегі салақтықтың да себебін айтты: «Тіл салақ сөйлеуден бұзылады». Мұны болдырмаудың жолдарында өз көркем туындысының тіл өнері арқылы көрсетті. Бұл ретте ол сұлу сөздерді теріп, жинақтап жатпайды, қарапайым сөздердің өзімен – ақ тамаша өрнек салады, көз алдыңа әдемі сурет әкеледі. Ал жағымсыз кейіпкерлерін суреттеуде ол қолданған теңеу – сипаттамалар олардың бет – пердесін сыпырып тастайды. Автор сөз күшінің құдіретін осылайша туындатып, өзінің шеберлік мектебін одан сайын шыңдап отырады. Ғабит Мүсірепов – өз табиғатында көркем сөздің шебері деп танылған жазушы. Алайда оның қаламынан туындаған көркемдік шеберліктің сыры бар қырымен әлі толық ашылған жоқ, зерттеліп болған жоқ. Мүсірепов стилі – тұнып тұрған бай қазына. Ол сенің бірден қолыңа түспейді, ойлануды, толғануды қажет етеді. Оның әрбір сөз қолданысына терең сыр, өзіндік бояу бар. Соларды түсіне білу қажет, аша білу қажет. Сонда ғана оның стилінен оның өзін танитын боламыз. Ал Ғабит Мүсіреповты тани білу деген сөз – қазақ әдебиетінің, ондағы шеберлік тәсілін түсіне білу деген сөз




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет