Сөж тақырыбы: Дархан Бейсенбекұлының «Гиппократ анты» әңгімесі негізінде “ант” сөзіне концептуалдық талдау Орындаған: Балауса Нұрсұлтан Тексерген: Смағұлова Гүлдархан Алматы, 2023 жыл


Қазақ тілінің 10томдық түсіндірме сөздігінде



бет2/6
Дата28.03.2023
өлшемі86,79 Kb.
#76897
1   2   3   4   5   6
Қазақ тілінің 10томдық түсіндірме сөздігінде:
Серт. Ир.зат. Уағдалы сөз. Ант.
Сонымен қатар осы сөзден өрбіген төмендегі сөздерге түсініктемелер мен мысалдар берілген:

Серт байлады (берді, етті, қылды) – уәде берді, серттесті.


Серттен тайды (сертін бұзды) – уәдеде тұрмады, сөз бұзды.
Сертке жетті (сертінде тұрды, серттен шықты) – келісімге опа қылды, сөз бұзбады.
Серттес – орт. Етіс. Серт+тес. Өзг.етіс.серттес+тір. Қ.атау. серттес+у.
Сертті.сын.- уәделі, антты.
Сертшіл.сын. -сертте тұрғыш, уәдеге берік.
Сертшілдік. Зат. -сөз бергіштік, уәдешілдік. (280-281).
15 томдық қазақ әдеби тілінің сөздігінде:
Серт. Зат.- уағдалы сөз, ант. Мұнда серттен өрбіген төмендегі сөздерге түсініктеме берілген:
Серт берді (етті, қылды) – уәде берді, ант берді.
Серт байласты –серттесті, уағдаласты.
Сертке жетті –келісімде тұрды, сөзін бұзбады.
Серттен тайды (сертін бұзды) – уәдеде тұрмады, сөзден айныды, өз сөзін аяқасты қылды.
Сертінде тұрды – берген уәдесін бұзбады, сертінде қалды.
Серттес. Ет. – ант берісу, уағдалы сөз айтысу.
Серттестір. Ет. – анттастыру, уәделестіру.
Серттестіру – серттес етістігінің қимыл атауы.
Сертті.сын. – уәделі, антты.
Серттілік.зат. – бел буып, білек сыбанатындай мызғымастық, батылдылық, тұрақтылық.
Сертшіл.сын. – сертте тұрғыш, уәдеге берік.
Сертшілдік.зат. – сөз бергіштік, уәдешілдік.(176-177)
10 томдық сөздікте серт сөзіне 8 сөздік мақала арналса, 15 томдық сөздікте 13 сөздік мақала арналған. Дегенмен, негізгі түсініктемелер бір-бірімен толық сай келеді деуге болады.
УӘДЕ
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (10 томдық) уәде сөзіне мынадай анықтама берілген: Уәде(зат).берілген сөз, уағда. (435).
Тұрақты тіркес: Уағда байласты – бір-біріне сөз, уағда берісті.
Уәде берді –серт етті, уәделесті.
Уәде бұзды – сөзінде тұрмады, сертті, уағданы орындамады.
Уәдеге берік – сертінде тұрғыш, сенімді.
Уәдесінде тұрды (тұрмады) – айтқан сөзінен таймады, айнымады.

Уәдесін жұтты – айтқан сөзін орындамады, уағданы ұмытты.


Уәдегейлік.зат. – уәде бергіштік, уәдеге әуестік.
Уәделес.ет. – сөз байласу, уағда берісу, серттесу.
Уәделесу.қ.атау. – уәделес+у.
Уәделі.сын. – уәде байласылған, уәделескен.
Уәдесіз.сын. – уәдеде тұрмайтын, бәтуасыз.
Уәдесіздік.зат. – сөзінде тұрмаушылық, баянсыздық, бәтуасыздық.
Уәдешіл. Сын. – ант-су ішіп уәде бергіш, сертшіл.
Уәдешілдік. Зат. –уәдеге беріктік, сертшілдік. (435-436).
15 томдық қазақ әдеби тілінің сөздігінде уәде сөзіне мынадай анықтама берілген: Уәде. Ар.зат – берілген сөз, серт, уағда. (651). Уәде төмендегідей сөздік мақалалармен берілген:
Уәде байлады – сөз берді, ант етті.
Уәде байласты – бір-біріне сөз, уағда берісті.
Уәде берді – серт етті, уәделесті.
Уәде бұзды – сөзінде тұрмады, сертті, уағданы орындамады
Уәде бойынша – келісуіміз бойынша.
Уәде қоздады – сөзінде тұрмады, сөз беруі жиіледі.
Уәдеге күпті болды – бос сөзге қарық болды.
Уәде қылды – сөз берді, ант етті, уағдаласты.
Уәдеге берік – сертінде тұрғыш, сенімді.
Уәдеде бар болу – сөзінде тұру, екі сөйлемеу.
Уәдені ұмытты – сөзінде тұрмады, айныды.
Уәдесінде тұрды (тұрмады) – сөзінде тұрды, уағдасын орындады.
Уәдесінен тайды – сөзінде тұрмады, уағданы бұзды.
Уәдесін жұтты –айтқан сөзін орындамады, уағданы ұмытты.
Уәдесін орындады – сөзінде тұрды, айтқанын істеді.
Уәдегейлік.зат. – уәде бергіштік, уәдеге әуестік.
Уәделес.ет. – сөз байласу, уағда берісу, серттесу.
Уәделесу.қимыл атауы. – уағдаласу, сөз байласу.(651-652).

10 томдық сөздікте уәдеге қатысты 14 сөздік мақала берілсе, 15 томдық түсіндірме сөздікте 19 түрлі тіркес түрінде беріліп, түсініктеме жасалған. Сөздіктерге жасалған салыстырмалы талдаулардан аталған сөздердің түсіндірмелері соңғы сөздікте жетілдіріліп, сөздік мақалалары артқанын, сөздердің семантикасы жан-жақты ашылғанын байқаймыз. Бұл сөздік мақалалар концептілік өрісті анықтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет