Ант сөзінің семантикалық өрісі Ант сөзі беру, ішу, ету, қосу, қылу секілді бірқатар етістіктермен бірге тіркес құрап қолданылады: ант берді, ант ішті, ант етті, ант қосты, ант-су ішті, ант-су ішісті. Бұл тіркестердің барлығы – уәде берді, серт етті, қарғанды, анттасты деген мән-мағыналарда қолданылады. Бірақ, аталған сөздердің мағынасы мен қолданысында айырмашылық жоқ емес. Мысалы, ант беру:
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама (С.С.)
Адалдық пен арамдық,
Ант беріп туын ұстаған (Қ.А.)
Көргендеріне күмәнім жоқ, – деді Ораз-Мұхамед ойланып. – Бірақ кім? Әлде, жат жұрттан келген жаудың алғашқы көз-кұлағы ма. Әлде, жол торып, барымта іздеген карақшы ма. Тек... сендер айтқан найман емес. Жоқ! Абалақ сұлтан– кәрі тарлан. Акылынан алжасса да өз арысына қарсы шаппайды. Оның үстіне,ант берді емес пе? Кеше ғана!(М.Мағауин.Аласапыран).
Екі ортада – әмірі қатты әже Әз-ханым. Әрине, соның айтқаны болады. Бірақ... Ораз-Мұхамед өзініңДілшат-сұлтанымға деген көңілінің соншама шұғыл өзгергеніне кайран қалды. Тезірек косылуды ансап еді-ау. Енді түрпідей көріп отыр. Жок, сүйкімі қашқан емес. Тек Ділшат келсе, Ай-Шешектен айрыларын біледі. Қалткысыз көңіл –тұл болмақ, ыстық кұшақ – суық мұзға айналмақ. Ен қиыны – Ай-Шешектің өз көңілі. Жоқ. Көнбейді. Кәрі әже өз білгенін айтсын. Бұл өз ойын орындайды. Абалақ кеше ғана бозқасқаның қанына колын малып ант берген.Аруақ аттаса, кердең басты кесер қиғыр қылыш бар. Сонда...((М.Мағауин.Аласапыран,73-б.).
Әбілқайырға жау іздегенде ұстатқан ноқтамды, дос іздегенде ұстатпайтын жәйім жоқ. Қол астымдағы рулы еліммен ақ патшаның боданында боламын деп алдымен мына мен айтам. Сол үшін Алланың атымен пайғамбарым ұстаған киелі кітапқа маңдайымды тигізіп ант беруге дайынмын. Ал, осымен қызылкеңірдек дауды қояйық. Ант бергілерің келмейтіндерге зорлық жоқ. Ант беретіндерің бері шығыңдар. Ал, алдияр хан, жол сіздікі! Алдымен сіз ант беріңіз! (Үркер.Ә.Кекілбаев.340-б).
Жаңадан ант берген билердің Тевкелевтің дастарқанына риза болғаны сонша, Дәуімбай би жүріп бара жатып, елшінің қолын қайта-қайта қысып:
Таймастың жағдайын уайымдама. Барғасын Сырлыбаймен дұрыстап сөйлесетін шығармыз, іншәлла құлақ асар, босатар, босаттырармыз,— деп кетті.
Содан-ақ Тевкелев арқасын тамға сүйегендей болып, жоқтан өзге нәрсеге шықылықтап күле бастады. Дәу де болса, бұл отыз, кешегі Құдайназар айтқандай ертең алдына келіп, жүгініп отырып, құранды маңдайына тигізіп, ала қағазға не мөрін, не бармағын басып, азды-көпті алапа алып аттанатын талай май тымақтың басы екеніне оныңда түсінген түрі бар (Үркер.Ә.Кекілбаев.357-б).
Ант берудің ең қасиеттісі де үлкені әрине, жеке тұлғалардың ел-жұрт, ру-қауым, хандар мен билердің алдындағы анты болды. Анттың осы түрі этикалық принцип пен нормаларға негізделіп қана қойған жоқ, ғұрыптық сипат та алды. Бұл ант беру жосынының әлеуметтік пәрменін қамтамасыз етті. Мысалы, бағзы заманда батырлар жауға аттанарда бармағынан қан ағызып, соны ішіп Құран оқып, қара қой сойып, соның қанына найзаларының ұшын, бас бармақтарын батырып, оны маңдайына жағып: «Серттен таятын болсақ, қара қойдың қаны ұрсын» деп ант ететін болған. Ант беру салты заман өткен сайын төлтума қалпынан алшақтап, қоғам талабына икемделді. Яғни батырлар бұрынғыдай бармағынан қан ағызу немесе қара қой сойып, қанына найзаның ұшын батыру рәсімін емес, енді семсерін немесе садағының адырнасын сүйіп ант берді, тіпті, кейбір адамдар моланың тасын бастарына көтеріп, қабірді айналып: «Антымыздан қайтсақ, қара тас бассын!» деп серттескендігі жөнінде дерек бар. Анттасқан адамдардың өзара бастарына қара тас қойып ант бергені жөнінде де деректер мол кездеседі. Мұнысы егер антты бұзсам қара тастай қатып қалайын дегенді білдіргені. Осыған орай ХІХ ғ.-дың екінші жартысында Семей уезінде болған анттасуға байланысты бір жайтты мысал ретінде айтуға болады. Абайдың інісі Оспан мен оның қарсыласы Жиреншенің арасының ушығуына байланысты соңғысының адамдары өз ортасынан Күнтуды болыстыққа сайлауға әрекет жасайды. Абайдың халықтың арасындағы орасан зор беделінен қорыққан бұл топ өзара ұйымдасады. Ұйымдастырушылардың бірі – Ербол. Болысқа сайлау науқанын өз пайдасына шешу үшін Ербол бастаған Жиреншенің адамдары өзара жасырын анттасады. Топтың атынан сөйлеген Ербол:
– Оның байлауын мен айтайын, тегіс қолымызға тас алайық. Осы уәдеден бұзылмауға, еш адамға аузымыздан шығармауға сертіміз осы болсын. Кім опасыздық қылса, қара тастай қатайық. Құдай аруаққа шек болайық деп төбемізге қолдағы тасты қояйық. Мен соған тоқтаймын,– дейді.
Ант беруді іс-әрекетті орындаушы мен тыңдаушы (қабылдаушының) қатысы тұрғысынан алсақ, бұл жерде антты беруші адресант, ал оны тыңдаушы адресат рөлін атқаратыны анық байқалады. Яғни антты адресант біреу үшін береді, адресат оны қабылдап алады. Ант сөзінің төмендегідей семантикалық түрлері бар:
Ант ету Ант ету салтында оны айтушы автор мен адресант біреу ғана – автордың өзі болады да,өзіне-өзі сөз беру, алда мұндай ештеңе жасамауға уәде ету мақсаты көзделеді. Мысалы:
Ант етем, сәулетайым, менің шыным,
Сүйгем жоқ еш пендені сенен бұрын (О.М.)