Сөж тақырыбы: Дархан Бейсенбекұлының «Гиппократ анты» әңгімесі негізінде “ант” сөзіне концептуалдық талдау Орындаған: Балауса Нұрсұлтан Тексерген: Смағұлова Гүлдархан Алматы, 2023 жыл



бет5/6
Дата28.03.2023
өлшемі86,79 Kb.
#76897
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нұрсұлтан Балауса мәтінтану СӨЖ1 2рк

Ант бұзды. Антын шайқады
Жоғарыдағы мысалдар антты орындаумен байланысты болса, келесі тіркестер, керісінше, оны бұзумен, орындамаумен байланысты қалыптасқан. Мысалы, ант бұзды/бұзбады, антын шайқады. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздінде бұл тіркес «сөзінде тұрмады, уәдеден тайды түрінде түсіндірілген (ҚТФС. 460). Мысалы:
Анттасын алқайды,
Сен тентек демеске,
Кім антын шайқайды,
Амал жоқ жемеске (Абай).
Анты берік болды

Сертінде, уәдеде тұрды. Артқы антың берік болса, Біз баралық сіздің елдерге (ОМ).(ҚТФС. 460)


Антым бұзбайалдыңа мен барайын,
Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал! (С.Торайғыров,137-б)
Ағасы– Қалмақ Ордасын билеп отырған кұдіретгі Шах-Мұхамед сұлтан. «Анттан айнымас, Адал қызмет керсетер. Бірақ жау да болса дін қарындасқа карсы жат жұрттан көмек сұрау күнә. Осымен тоқтайық»,– депті Тұрсын ағасы–Жетісу мен түстік-шығысты билеп отырған Тұрсын-Мұхамед сұлтан.(М.Мағауин.Аласапыран. 444-б)
«Әбілқайырдың Руссия қол астына кірудің мақсаты һәм де қазақ хандарының халық қасында күшсіз екендігі, саяси істерде қазақ һәм басқа шарық халқының хайлакер, ант бұзғыш, суэ-қасд (арам ойлы) екендігі Русь үкіметі қасында анық мағлұм болмағандықтан, Әбілхайыр ханның бұл өтініші жоғарғы даһираларда (ортада) қуанышпенен қабыл етілді. Неге десеңіз қан төгусіз, тек тұрғанда бірнеше миллион халықтың өзі тілеп қосылуы Россия үшін бір шәриф (қымбат) еді» (М.Мағауин.Аласапыран. 190-б).
Ант атқан (ұрған, соққан), ант атсын, ант ұрсын.
Жағымсыз эмоцияны білдіріп, оңбаған, жексұрын, елдің қарғысы атқан, уәде-сертті бұзған деген мәнде жұмсалады.
Қашан қалар күншілдік, бұл ант атқан,
Өсек айтып, өтірік жала жапқан.
Адал жүріп еңбектен, киіп-ішпей,
Бақытына біреудің көз алартқан (К.Ә.)
Абайдың өзі де өмірінде алғаш рет Бөжейден түңілгендей боп қайтқан, Қатыны ант ұрған болса, ең болмаса, Бөжей жөнге салса нетті? – деп ойлаған (М.Ә.).
Үйіңе кеп, асыңды жеп, адал дәміңді татып отырып-ақ, астыңдағы текеметіңді тіліп, үйіңнен шыға теріс айналып, сыртыңнан бес тиынға сатып кететін ант ұрғанның дәл өзі (Ө.Т.)
Ей, Қатақанның ханы хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың (Ш.С.)
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп, бықсып ар жағы(Абай).
Байыған сайын күтім жоқ,
Бейілі кетті, ант атты (Абай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет