Индукциялы жүйе аспатары
Индукциялы жүйе аспабының құрылысы мен векторлық диаграммасы көрсетілген.
Өлшеу механизмі бос кеңістікпен бөлініп тұрған қозғал-майтын екі магнит өткізгіштерден бірі Ш - тәрізді екіншісі П - тәрізді индукторлардан құралады. Магнит өткізгіштер арасындағы бос кеңістікте қозғалатын алюминий диск орналастырылған. Магнит өткізгіштерге Ф1 және Ф2 магнит ағындарын туғызатын сәйкесінше I1 және I2 қоздырғыш токтары өтетін орамдар оралған. Дискінің айналым санын есептегіш механизм диск осімен байланысып тұр. Дискінің бос жүрісін болдырмау үшін тұрақты магниттер қарастырылған.
. Индукциялы жүйе аспабының құрылысы мен векторлық диаграммасы
Өлшеу аспабын айнымалы ток көзіне қосқан кезде I1 және I2 токтарымен фазасы бойынша сәйкес келетін Ф1 және Ф2 магнит ағындары пайда болады векторлық диаграммаға қараңыз. Магнит ағындары дискіні қиып өткенде олардың бойна өздерінің магнит ағындарынан бұрышқа қалып жүретін Е1 және Е2 электр қозғағыш күштерін енгізеді индукциялайды, дискіде сәйкесінше ЭҚК фаза бойынша дәл келетін екі Iд1 және Iд2 құйынды токтары пайда болады дискі кедергісін активті деп есептейміз.
Iд1 тогы контуры мен Ф2 магнит ағынының тартылысы және Iд2 тогы контуры мен Ф1 магнит ағынының тербеліс күштерінің әсерінен дискіге бір-біріне қарсы бағытталған екі момент әсер етеді, моменттердің ілездік мәндері
мұндағы к1 және к2- пропорционалдық коэффициенттер.
Магнит ағындарының теңдіктері:
Магнит ағындарының дискіге енгізетін құйынды токтарының теңдіктері:
Моменттердің орташа мәндерін мына формулалармен есептеуге болады:
мұндағы , ал болғандықтан дискіге әсер ететін айналдырғыш моменттің толық мәні:
Дискіге енгізілген токтарды мына формуламен де анықтауға болады:
және ,
мұндағы f- ток көзі жиілігі, к3 және к4- пропорционалдық коэффициенттер.
Ендеше:
немесе:
;
мұндағы К=k1k4+k2k3.
болғанда айналдырғыш момент максималь мәнге жетеді.
Дискінің бір қалыпты айналуын қамтамасыз ету және тежегіш момент туғызу үшін аспап құрылысында тұрақты тежегіш магнит қарастырылған.
Дискінің айналуы мен тұрақты магнит ағынының әсерлесуі нәтижесінде құйынды ток пайда болады:
.
мұндағы - дискінің бұрыштық айналу жылдамдығы, к5- пропорционалдық коэффициент.
iв тогы мен Фn магнит ағынының өзара әсерлесуі нәтижесінде тежегіш момент пайда болады:
немесе
.
мұндағы Кт=К5К6.
Индукциялы жүйе аспаптарының айналдырғыш моменті жоғары, олардың көрсетіміне сыртқы магнит өрісінің әсері аз және асқын жүктемелену қабілеті жоғары большая перегрузочная способность бұл қасиеттер мұндай жүйедегі аспаптардың артықшылығы болып табылады.
Кемшіліктері ретінде нақтылығының төмендігін, өлшеу тізбегінен үлкен қуат тұтынатындығын және олардың көрсетіліміне ток жиілігі мен температураның әсер ететіндігін атап өтуге болады. Электр энергиясын санауыштардың көпшілігінің өлшегіш механизмі индукциялық жүйе негізінде жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |