Өлшеу нақтылығы – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтық дәрежесі.
Бақылау – бақыланып отырған объекті қасиеттерінің немесе сипатының белегілі бір мөлшерге сәйкестігін анықтау процессі.
Метрология– өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылым.
Қортынды Электірлік шамалардың өлшем бірліктері. Өткен екі ғасырдың алғашқы жартысында электір және магнит шамаларын өлшеудің бірнеше бірліктер жүиесі қолданылған. Олардың ішінде көп таралған өлшем бірліктер жүйесі абсолютті электрмагниттік жүйе, ол СГСмо төрт негізгі: ұзындық-сантиметр, массса-грамм, уақыт-секунд және вакуумдегі магнит өтімділігіне тең болатын магнит өтімділігі бар бірліктерден тұрады.
Сандық коэффициенттеріне қарай абсолютті практикалық бірліктер жүйесі МКСА пайда болады. Ол –метр, килограмм, секунда, ампер бірліктерінен тұрады. Бұл өлшем бірліктер барлық магниттік шамалардың бірліктеріне жататындықтан, олар абсолютті практикалық деп саналады.
Негізгі бірлік Ампер МЖСТ 8417-81сәйкес анықталынады. Ампер дөңгелек қимасы өте аз және бір-бірінен өзара паралель 1 метр қашықтықтағы орналасқан өткізгіштердің 2*10 бірліктегі күшінен 1м ұзындыққа сәйкес туындайтын өзгермеитін токтардың күші болып табылады.
Техникалық өлшемдерді бірыңғай өлшеуді қамтамас ету барысындағы қабылданған өлшем бірліктер жүйесіне сәйкес электр шамалардың өлшем бірліктері алынады. Шамалардың өлшену дәлдігіне қарай олар үлгілік және жұмысшы эталондарына бөлінеді. Электр шамаларының өлшеу үшін электр қозғаушы күші (ЭҚК), электр кедергісі, интуктивтілік және өзара индуктивтілік, электр сыйымдылық алынады.
ЭҚК шамалары. Электр қозғаушы күшінің шамасы белгілі арнаулы гальваникалық элемент-нормаль элемент болып табылады.Нормаль элементтер күкірт-қышқылды кадмийдің қаныққан және қанықпаған ерітінділерінен тұрады.Оны Н-тәрізді шыны ыдыс түрінде оның төменгі ұштарына пісіріліп бекітілген екі платиналы электродтан тұратын және қымтап жауып жасайды. Нормаль элементінің құрамына:1-күкірт қышқылды сынап пастасы мен күкірт қышқылды кадмий кристалдары;2-сынап;3-амальгама кадмий кристалдары;5-күкірт қышқылды кадмий ерітіндісі кіреді