Ферродинамикалық аспаптар Ферродинамикалық жүйе аспабының электродинамикалық-тан өзгешелігі олардың қозғайлмайтын орамы магнитөкізгішке оралады. Бұл сыртқы электромагнитті өрістерден қорғайды және үлкен айналдыру моментінің пайда болуына септігін тигізеді. Жұмыс жасау принципі бойынша олардың электродинамикалық-тан айырмашылығы жоқ.
Негізгі ерекшелігі сыртқы магнит өрістеріне төзімділігі, сезімталдығы жоғары және өлшеу тізбегінен аз қуат тұтынады.
Электростатикалық жүйесінің аспаптары Электростатикалық аспаптардың жұмыс істеу негіздері электрлі зарядталған электродтардың өзара әрекетіне негізделген. Түзіліс жағынан электростатикалық аспаптар жазық конденсатордың бір түрі деп көрсетуге болады, өйткені қозғалатын бөлігінің орын ауыстыруы нәтижесінде сыйымдылық өзгереді. Қозғалмайтын 1 және қозғалатын 2 электродтардан құралған аспап 8.6-суретте көрсетілген.
Электростатикалық аспатың құрылысы
Зарядталған электродтардың өзара әрекетті электростатикалық күштер айналдыру моментін туғызады.
Бұл моментің әсерімен қозғалатын электродтар бос кеңістікке тартылады да электродтардың арасындағы активтік аудан өзгереді, яғни сыйымдылық С өзгереді.
Аспаптың шкаласының теңдеу түрі мынадай болады:
Аспаптың шкаласы квадратты болғандықтан қосылған кернеудің қарама-қарсылығы өзгерген кезде айналу бағыт өзгермейді.
Басқаларға қарағанда, электростатикалық жүйенің аспаптары тек кернеуді ғана өлшейді.
Электростатикалық жүйесінің аспаптарының артықшылықтары:
- жоғары кіру кедергісі (1010) Ом;
- өте аз тұтыну қуаты;
- көрсеткіштердің кернеу қисығының түріне тәуелсіздігі;
- жиілік диапазонының кеңдігі.
Аспаптардың кемшілігіне мыналар жатады:
- шкаланың квадратты сипаты;
- айналдыру моменттің аздығы, ал сол себептен кіші кернеулі аспаптардың жоқтығы (минималды - 30 В);
- көрсеткіштердің сыртқы электростатикалық өрістерден тәуелділігі;
салыстырмалы дәлдіктің төменділігі.
Электростатикалық жүйенің аспаптары жоғары вольтты сынау құрылғыларында үлкен кернеулерді өлшеуге қолданылады (киловольтметрлер).
Электронды күшейткішпен бірге оларды жоғары әсерлі айнымалы токтың электрометрлері және вольтметрлері ретінде қолданады.