Сөж тақырыбы: Коммуникативті дағдылар бойынша тренинг бағдарламасын құрыңыз



бет2/3
Дата18.03.2023
өлшемі67,6 Kb.
#75337
түріБағдарламасы
1   2   3
Белсенді сөйлеуді дамыту  
Дыбыстық тіркестер мен сөздерге еліктей отырып, дыбыстау. Белсенді сөздікті жақын адамдардың атауларымен (ата, әже, әке, ана), күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың, тағам атауларымен (ботқа, су, сүт және т.б.), белгілі қимылдарды (ал, бер, аш, тұр, жібер, ұйықта, бар және т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.
Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл кім?», «Бұл не?», «Не істеді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап беруге, ыммен, қимылдар арқылы көрсетуден біртіндеп сөзбен айтуға көшуге, екі сөзден тұратын сөйлемдерді айтуға баулу. 
Күтілетін нәтижелер: 
суреттерден айтылған сөзге сәйкес келетін ойыншықтарды, заттарды табады және көрсетеді;
дене мүшелерін көрсетеді; 
дыбыстық тіркестер мен кейбір сөздерді еліктей отырып, айтады; 
өзінің, жақын адамдарының есімдерін, атауларын (ата, әже, әке, ана) күнделікті жиі қолданатын таныс заттар мен ойыншықтардың атауларын, тағамдардың атауларын, белгілі қимылдарды біледі және оларды айтуға тырысады;
қарапайым сөз тіркестерін түсінеді, екі сөзден тұратын сөйлемді айтады; 
эмоционалдық көңіл-күйді түсінеді және өзінің эмоциясын ым-ишарамен көрсетеді. 
Сөйлеуді дамыту (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін). 
Сөзді түсіну 
Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл), өлшемін (үлкен, кіші), заттардың күйін (таза, кір), мерзімдік (қазір), сандық (біреу, көп) қатынастырады, қалауларын білдіруге қажетті сөздерді (тамақ ішу, ұйықтау, су ішу), дене мүшелерін білдіретін сөздерді түсіну. 
Таныс заттарды ересектердің көмегімен түсі бойынша таңдау. Жануарлардың қимылын (лақ секіреді, құс ұшады), дыбыстауын (қозы маңырайды: мааа, бұзау мөңірейді: мөөө, мысық мияулайды), адамның қимылын (жүреді, жүгіреді, билейді) білдіретін сөздерді түсіну және дыбыстық тіркестерді атау. 
Белсенді сөз
Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бааа-бота, мааа-қозы, мөөө-бұзау, мәәә-лақ, мяу-мысық, абаб- ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке және т.б.), төрт түліктің (ат, тай, бота және т.б.), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже және т.б.) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.
Сөздік қорды ойыншықтар, киімдер, ыдыстар, көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен, тұрмыстық (киіну, жуыну және т.б.), ойын (ойнау, салу, домалату, тебу және т.б.) әрекеттерін білдіретін, қарама-қарсы мағыналы (ашу-жабу, бару-келу, алу-салу және т.б.) етістіктермен, заттардың түсін, пішінін, білдіретін сын есімдермен толықтыру. 
Ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынаста алғашқы әдеп нормаларына сәйкес сөздерді қолдануды үйрету (амандасу, қоштасу, рахмет айту, және т. б.) 
Күнделікті өмірдегі, суреттегі заттардың атын атау, ересектер сұрау , өтініш білдіру, еліктеу бойынша жаңа сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айту, қарапайым сұрақтарға жауап беру. 
Айналасындағы адамдардың сөзін тыңдау, олардың ауызша айтқан талаптарын орындау. 
Ересектердің сөзін қайталау арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын, ана тілінің грамматикалық нормаларын ескеріп, сөйлемдерді құруды қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет