Сөж тақырыбы: срс ,9 Практикалық сабақ 8,9 Орындаған:Әсіл Марал Тексерген: Каримова Р. Е практикалық сабақ Іскерлік ойындардың маңызы


СОӨЖ 8 СӨЖ кеңес беру және қабылдау



бет2/4
Дата03.02.2023
өлшемі219,4 Kb.
#64939
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Әсіл Марал СӨЖ 8 9 ПС 8 9

СОӨЖ 8 СӨЖ кеңес беру және қабылдау.
СӨЖ 1. Мамандыққа сай іскерлік ойын ұйымдастыру.(жоспарын жаса)
2. Іскерлік ойынды құрылымына қарай талдау (Пікірталас)
Іскерлік ойындарда нақты ситуацияларды талдау мен рөлдік ойындар әдістерінің белгісі қиюласады, сонымен қатар іскерлік ойының негізінде басқару нысаны мен басқарушылық жүйенің тұтас үлгісі бар. Іскерлік ойындарды көбіне имитациялық басқарушылық деп те атайды. Мұны әдістемелік жұмыс жүйесінде іскерлік ойынның пайда болуымен түсіндіретін де шығар. Іскерлік ойынды педагогтардың әдістемелік жұмыс барысындағы өзіндік және күрделі белсенді әдістерді үйренуі деп бөленеді. Сонымен, іскерлік ойын – мамандардың әртүрлі жағдайлардағы шынайы іс-әрекеттерінің үлгісі.
Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешу жүйесі. Іскерлік ойындарда шешім ұжыммен немесе топпен бірлесе отырып қабылданады. Өз тобының шешімін қорғау мен басқа топтың шешімін сынға алу кезінде ұжымдық пікір қалыптасады.
В.Я.Платов үйретудің белсенді әдістерін екі топқа бөледі: нақты ситуацияларды талдау және ойын. Сонымен қатар В.Я.Платонов іскерлік ойынның үйретудің дәстүрлі әдісінен ерекшелігін айқындап берді:
1. Іскерлік ойындарды қолдану кезіндегі үйрету процесі басқарушылар мен мамандар іс-әрекетінің шынайы тәжірибесіне жақын. Бұған іскерлік ойындарда шынайы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі үлгілерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кез-келген іскерлік ойын имитациялық әдісті үйрету ретінде ұсынылады.
2. Іскерлік ойын – бұл ойындық үйрену әдісі. Ойынға қатысушылар кез-келген рөлді алып, өз рөлінің қызығушылықтарын ескер отырып, басқарушылық шешім қабылдайды. Әртүрлі рөлдердің қызығушылықтары сәйкес келмейтіні белгілі, ойынға қатысушыларға дау-жанжалдық ситуацияға шешім қабылдауға тура келеді.
3. Іскерлік ойын – ұжымдық үйрену әдісі. Дәстүрлі әдістер жеке үйретуге бағытталған. Іскерлік ойындарда шешім бірлесе отырып қабылданады. Өз тобының шешімін қорғау мен басқа топтың шешімін сынға алу кезінде ұжымдық пікір қалыптасады.
Іскерлік ойын (Business Game, Management Game) – имитация, үлгілеу, ойын түрінде нақты педагогикалық ситуацияларды жеңіл түрде жаңғырту. Іскерлік ойында әр қатысушы ойын тәртібін ескере отырып адамдардың өмірдегі іс-әрекетіне тиісті өз рөлін ойнайды. Іскерлік ойындар педагогикалық тәртіптің мөлшерін анықтау, педагогикалық шешімдерді қабылдау үрдістерін игеру, педагогика тәжірибелік оқыту құралы мен әдістемесі ретінде қолданылады.
Теориялық мәліметке сүйенсек, сабақты жүргізудегі ойындардың сан алуан түрлері болады. Мысалы, аз уақытта ойналып аяқталатын ойындар эксперименттік жаттығулар деп аталады. Олар әдетте, лекция оқу барысында немесе әр-түрлі зерттеулерді жүргізген кезде иллюстрация ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет