Сөж тақырыбы: срс ,9 Практикалық сабақ 8,9 Орындаған:Әсіл Марал Тексерген: Каримова Р. Е практикалық сабақ Іскерлік ойындардың маңызы



бет4/4
Дата03.02.2023
өлшемі219,4 Kb.
#64939
түріСабақ
1   2   3   4
Практикалық сабақ 9
1.Ойға шабуыл” әдісін ұйымдастыру әдістемесі
2. Интерактивті оқыту мазмұны және әдістеріне сипаттама
2. Балабақшада диагностиканы жүргізудің ерекшеліктері
Ой шабуыл –– белсенді оқытудың, басқарудың және зерттеудің әдістерінің бірі. Ол мидың белсенді жұмыс істеуін, шығармашылық пен жаңартпашылық процестерді қалыптастыруды негіз етеді.
«Ой шабуыл» әдісін төмендегідей негізде қысқаша атап көрсетуге болады.
Ой шабуылды жүргізуші белгілі бір проблеманы қатысушылардың алдына қойып, талқылау барысында өздерінің пікірін жалтақтамай ашық айтуларын талап етеді. Жүргізуші қатысушылар аузынан шыққан жаңашыл ойлардың бәрін жазып отырады. Барша ой айтылып болғанша ешқайсы талқыланбайды, сыналмайды. Кейінірек арнайы мамандар арасында ой сарабынан өткізіліп, байыпталады.
«Ой шабуылды» өткізу технологиясы


Психологияда шығармашылықтағы өзекті туындаушы ойлардың көбіне сынға ұшырауы мен жоққа шығарылуы, қатаңдықпен басылып тастауы байқалады. Тіпті ең өзекті деген туындаушы ойлардың өзі орынсыз сынға ұшырап отырады.


Сондықтан ой шабуылда белгілі бір ережелер тізбегі қолданылады

Ой шабуыл біз төмендегі бірінші кестеде көрсетіп отырған сценарийдің жоспары бойынша өтеді. 


    1. «Ой шабуылға» кіріспе 




Жүргізуші қатысушылардың алдына ыстық кофе мен салқын сусындар т.б. қойып, бөлменің ауасын тазартады, жеңіл сазды музыка әуені ойнайды. Қатысушылардың интеллектуалды өресін арттыру үшін арнайы дайындықты керек етпейтін бірнеше жеңіл жағдайлар мен міндетті шешу ұсынылады. Бұдан ары «ой шабуылдың» негізгі түсіндіру бөлігі басталып, экранда: 


  • Мақсаты; 


  • Сценарийлік жоспары; 


  • Ережесі көрсетіледі. 




1.2. Ойды жүйелеу үшін Ой шабуыл девизін қолданған оңтайлы.
Жүргізуші экраннан бірнеше нұсқаны қатысушылар назарына ұсынып, аталған сыныптағы оқушыларға сай келетінін таңдап алады. Мысалы:
1. Біз бұл міндетті шешеміз, сондықтан проблема туындамайды.
2.Проблема өте күрделі, бірақта біз оны бәрі бір шешеміз.
3.Әрбір проблема тек бір ғана дұрыс шешімге ие, сондықтан оны таба алмасақ ұят болады. 
4.Шешімін таппаған проблема алаңдаушылық пен депрессия туғызады, әрі ақылды алаңдатады. Алаңдаушылық бізге керек емес.
5.Проблеманы шешудің дағдысын қалыптастырамыз. 
Осы қойылған проблема ары қарай былайша көрініс табады. 
Қиындықтар неден тұрады; 
Шешімнің табылуы; 
Проблеманың күңгейі мен теріскейі; 
Сауалдың қиындығын айқындау; 
Оның қиындық, функциялық және шешім табу деңгейін айқындау; 
Белгісіздік деңгейі т.с.с. 
Осы арқылы тыңдаушылар арасында проблеманың шешімін табу туралы сенім ұялайды. Олар өз ойларын форматы төменде көрсетілген І қосымшаға түсіреді.
Осыдан кейінгі синтездеуші кезеңде 3-5 адамдық аналитиктер тобы келіп түскен идеяларды жинақтап, ары қарай өңдеу үшін себетке салады. Олар өңделіп сұрыпталады. Аса қажетті дегендері жүйеге түсіріліп бағаланады. Осыдан кейін барып, өз кезегімен қалған кезеңдерде ең негізі деген идеялар іріктеліне түседі де, сынаушылық кезеңінде аналитиктер екіге жарылып, бірі – қорғаушы, екіншілері – сынаушыларға айналады.
Идеяларды жинақтау бойынша бас аналитиктің (немесе қос аналитиктердің) баяндамасы 
Аналитиктер өздерінің арасынан 10 минуттық баяндама жасайтын бас аналитикті тағайындайды. Ол төмендегідей кестеде көрсетілген негізде шығып сөйлейді. 
Сандық көрсеткіштері:
1. Қатысушылар саны – _____________________________________
2. Идеялар саны – ___________________________________________
Олардың ішінде:
2.1. Конструктивтік пен реалистік (жаңа) – ______________________
_________________________________________________________________
2.2. Орегиналды – ____________________________________________
_________________________________________________________________
3. Белгілі – __________________________________________________
_________________________________________________________________
2.4. «Ойлар қоқысы» – ________________________________________
Ерекше көңіл бөлінетіні бірінші себеттегі идеялар. Олар жіктеліп, міндетті түрде авторлары ауызға алынып, ең басты дегендері айырықша аталып өтіп, мадақталады. 
І формат.
Ой туындатуға арналған
Проблема (жазыңыз)_____________________________________________
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Диагностика барлық топтарда қыркүйек айында жүргізіледі. Кішкентайлар тобында диагностика Бине – Симонның ақыл-ой шкаласы әдістемесі қолданылады.
Әр жастағы бала төмендегі көрсеткіштерді білуі тиісті:
өзінің дене мүшелерін көрсете алу;
6 сөзден құрылған сөйлемді қайталап айту;
Мен анамды өте жақсы көремін.
екі санды есте сақтап қайта айту;
суреттегі заттардың атын атау;
өз аты жөнін атау.
Зерттеу қорытындысы шартты белгілермен журналға түсіріледі.
Тапсырма орындалды +
Тапсырма толық орындалған жоқ +?
Тапсырма орындалмады —
Таным процестерін: зейін, қабылдау, ес, ойлау диагностикалау жүргізіледі. Психолог зейін мен сөйлеу деңгейін балаларды бақылау, іс әрекетін, берген сұрақтарға жауап беруіне қарап бағалауына болады. Зейінді зерттеу. Не өзгерді ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Балалардың алдына үш түсті пластик стакан қойылады. Балаларға олардың орналасу ретін есте сақтау ескертіледі. Стакандардың орындары алмастырылады, балалардан не өзгергені сұралады.Зерттеу қорытындысы таблицаға шартты белгілермен енгізіледі.
Түстерді қабылдауды анықтауДөңгелектерді түсіне сәйкес қораптарға сал
ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Диаметрі 3 см болатын дөңгелектер жиыны, әр негізгі түстен 2 дөңгелек, түстерге сәйкес қорапшалар. Балаларға дөңгелектерді түстеріне сәйкес қорапшаларға салу ұсынылады. Психолог дөңгелектердің түстерін атамайды.
Ойлау деңгейін диагностикалау. Төртінші артық ойын жаттығуымен ұйымдастырылады. Балаларға үш таблица кезекпен көрсетіледі, онда 4 геометриялық фигура салынған. Бірінші таблицадағы фигуралар көлеміне қарай ерекшеленеді., екінші таблица түстеріне, үшінші таблица фигура түрі мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
Зейінді диагностикалау әдістері.
1. Суреттерді салыстыр.
Балалардың алдына бір бірінен сәл ерекшелігі бар екі сурет қойылады.
Суреттерге зейін қойып қара, салыстырып ерекшеліктерін тап нұсқауы беріледі.
2. Болмайтын жағдай.
Балаға өтірік өлең оқылады, өлеңнен өмірде болуы мүмкін емес жағдайды табу
сұралады.
3. Сәйкессіздікті тап.
Балаға мағынасы байланыспайтын суретті көрсету. Суретке зейін қойып қара,
дұрыс салынбаған заттарды ата. Әр дұрыс салынбаған затты сыз, шындығында қалай болуы керек екенін түсіндір.
Қабылдау ерекшелігін зерттеу түстерді қабылдауды анықтаудан басталады.
Дөңгелектерді қораптарға сал ойын әдісі қолданылады. Балалардың алдына негізгі және қосымша түске боялған қорап қойылады.( қызыл, көк, сары, жасыл, қоңыр, қара, ақ, сұр, алқызыл, көгілдір, қызғылт сары, фиолетовый, ашық жасыл, бежевый) қораптың түсіне сәйкес түрлі түсті дөңгелектер қойылады. Балаға дөңгелектерді түстері сәйкес келетін қорапқа салу айтылады.
Форманы қабылдауды анықтауГеометриялық фигураларлы орналастыр әдісімен ұйымдастырылады. Балаға бірдей түсті әртүрлі геометриялық фигуралардың карта таблицасы беріледі. ( дөңгелек, шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша, ромб). Балаға карта таблицаның үстіне сәйкес келетін фигураны қою ұсынылады.
Көлемді қабылдауын диагностикалау. Жолақтарды орналастыр әдісімен ұйымдастырылады. Балаға 5-7 түстері бірдей ұзындықтары 2 см айырмашылықта болатын жолақтар беріледі. Бала жолақтарды солдан оңға қарата кемуі бойынша, содан кейін өсуі бойынша орналастырып қоюы керек.
Балалардың саусақ бұлшықеттерінің дамуын бақылау қажет.
СОӨЖ 9 СӨЖ кеңес беру және қабылдау.
СӨЖ.Әдіскер жұмысының циклограммасын құру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет