Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінең құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен — қымыз, түйе сүтінен — шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды. - Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінең құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен — қымыз, түйе сүтінен — шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды.
- Қазақтардың сүйсініп-ішетін сусындарының бірі — айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерінде құрт-ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік және басқа тағамдар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |