Сөж Тақырыбы:ҚР прокротурасы


Прокуратура органдарының қызметкерлері



бет5/9
Дата14.09.2023
өлшемі261,25 Kb.
#107433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР прокротурасы

Прокуратура органдарының қызметкерлері:

  • өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;
  • партияларға, кәсіптік одақтарға мүше болуға, қандай да болмасын саяси партияны қолдау мақсатында сөз сөйлеуге;
  • педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, өзге ақылы қызметпен айналысуға;
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымдарды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттеріне жатпаса, коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір болған немесе ата-анасы бөлек болған аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (жұбайы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқаруға;
  • өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынышты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
  • өзінің қызметтік әрекетін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ететін құралдарды, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға;
  • ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет етуіне және қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі жасайтын әрекеттерге қатысуға;
  • лауазымдық өкілеттіктерін атқаруға байланысты жеке басының мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызмет көрсетулерін пайдалануға құқылы емес.
  • Прокуратура органдарының қызметкерлеріне белгіленген үлгіде қызметтік куәлік беріледі.
  • Қызметтік куәлікте тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сыныптық шені немесе әскери атағы, мемлекеттік құпияларға рұқсат нөмірі мен түрі, қызметтік қаруды алып жүру құқығы туралы белгілер көрсетіледі.
  • Қызметтік куәлікке прокуратура органы қызметкерінің фотосуреті желімдеп жапсырылады. Қызметтік куәліктегі мәліметтер уәкілетті лауазымды тұлғаның қол қоюымен және прокуратураның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бар мөрімен бекітіледі.
  • Бас прокурорға, оның орынбасарларына белгіленген үлгідегі куәліктерді Қазақстан Республикасының Президенті береді.
  • Бас прокурор, облыстар прокурорлары белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді өздерінің бағынысты қызметкерлеріне береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет