Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы
Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне шағымдану
1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
қортынды
Прокуратура органдарына қызметке Қарулы Күштерден, ішкі істер органдарынан, ұлттық қауіпсіздіктен және басқа да құқық қорғау органдарынан алынған адамдарға атқаратын лауазымы, еңбек өтілі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, арнайы атағының бар-жоғы ескеріліп, бұрынғы қызметі бойынша берілген әскери немесе арнайы атақтарына теңестіру арқылы сыныптық шендер немесе әскери атақтар беріледі.
Пайдаланылған әдибеттер
Оспанов Қ.И ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР концитутсиасы
ҚР мен құқық негіздері
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 27, 249-құжат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N595 Жарлығы