Сөж Тақырыбы:ҚР прокротурасы


Облыстар прокурорларын жаңа мерзімге тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор жүзеге асырады



бет4/9
Дата14.09.2023
өлшемі261,25 Kb.
#107433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР прокротурасы

Облыстар прокурорларын жаңа мерзімге тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор жүзеге асырады.

Прокуратура органдарына қызметке мынадай адамдар қабылданбайды:

  • 1) белгіленген тәртіпте сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
  • 2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулығының жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамсыз деп танылған;
  • 3) өз мәртебесін және өзіне негізделген беделді жеке, топпен немесе қызметтен тыс мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңдармен белгіленген шектеулерден бас тартқан;
  • 4) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, прокуратура органына қызметке түскенге дейін екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
  • 5) прокуратура органына қызметке түскенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • 6) прокуратура органына қызметке түскенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • 7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
  • 8) бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған;
  • 9) мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған.
  • Прокуратура органдарына тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қатыстылығына, сеніміне, тұратын жеріне немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша деген желеумен қызметке қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

    Прокуратура органдарына қызметке қабылдаудан бас тартқанда жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағымдануға болады.

Прокуратура органдары заңдарда белгіленген тәртіппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келіп,адамның және азаматтың,заңды тұлғалары мен мемлекеттік құқықтары мен заңды мүделерінің бұзылуын жою,бұзылған құқықты қалпына келтіру шараларын қолданады.Егер адам бойындағы,психикасындағы немесе өзге де кемістіктері салдарынан өз құжаттарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса,прокурор оны қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.Прокуратура органдары заңда белгіленген тәртіппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүделерін қорғау жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту шараларын қолданады.Прокуратура органдарына қол қойылмай жазылған арыздар тексерілмейді,бірақ прокуратура азаматтың мүддесі тұрғысында көзін жария етпеуге хақылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет