Сөж Тақырыбы:ҚР прокротурасы



бет3/9
Дата14.09.2023
өлшемі261,25 Kb.
#107433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚР прокротурасы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - Республика Президентiне ғана есеп беретін, бiрыңғай орталықтандырылған және басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз жүйе. Бұл мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын мемлекеттің атынан және Конститутция негізінде жүзеге асыратын, билік өкілеттігі бар арнайы мемлекеттік орган.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін Бас прокуратура, облыс прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының прокуратуралары, аудан аралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да арнайы прокуратуралары.құрайды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады, оны Парламент Сенатының келісіміменҚазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады. бес жыл. мерзiмiне Қазақастан Республикасы Президенті тағайындайды. Прокуратура туралы

Прокуратура органдарына лауазымға алғаш рет тағайындалған адам ант қабылдайды, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ант Бас прокурор айқындайтын тәртіпте, салтанатты түрде қабылданады.

Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың (бұдан әрі - облыстар прокурорлары), қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың (бұдан әрі - аудандар және қалалар прокурорлары) лауазымдарына жасы 25-тен кем емес, прокуратура органдарында кемінде үш жыл еңбек өтілі бар адамдар тағайындалады.

Облыстар, аудандар, қалалар прокурорларын Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды. Облыстар прокурорлары лауазымына тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор жүргізеді.

Аудандар және қалалар прокурорларының бес жылдық мерзімі өкілеттіктерінің аяқталуына дейін кемінде бір ай бұрын жоғары тұрған прокурор Бас прокурорға аудан немесе қала прокурорын жаңа мерзімге немесе оны басқа лауазымға ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет