Сөж тақырып: «Ерте жастағы балаларда заттық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері»



бет3/3
Дата25.03.2022
өлшемі20,86 Kb.
#28724
1   2   3
Байланысты:
erte jas sój Quttymuratova Symbat

Мақсаты: Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және пелагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады.

Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл – қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл, күннің көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын екенін сезінеді.Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады. Арнайы дайындалған ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі қосымшалармен жұмыс жасайды. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.Осындай үйдің формасы сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері, түстері, өлшемдермен таныстырады.



Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет