Қорытынды Ежелгі Қытай ғылымы мен өнер табыстары туралы айтатын болсақ, математика саласында үш бұрыштың көлемін білді. Аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жеке зерттеп отырды. Бір жылда қанша тәулік барын есептеді. Ол бірінші болып жұлдызды аспанның картасын жасады. Олардың зерттеулері күнтізбе жасауға жол ашты. Билеушілердің жерлерді басып алуы, саяхатшылар мен елшілердің басқа елдерге баруы географиялық білім аясын кеңейтті. Жер өңдеу, суару тәсілдері, жібек құртын өсіру, шай бұталарын күту дамыды. Қытайлар шайды дәрі-сусын ретінде пайдаланды. Компас (тұсбағдар) , жер сілкінісін болжайтын аспап, қағаз, мылтық дәрісін ойлап тапқан да қытайлар болды.
Ежелгі Шығыс деп Африканың солтүстік шығысы мен Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейін созылып жатқан Азияның орталық оңтүстік белдеуіндегі ежелгі таптық қоғамдар мен мемлекеттерді айтамыз. Кейбір ұқсастықтар мен өзара әсеріне қарамастан, олардың даму жолдары, даму қарқыны, өмір сүру кезеңдері әр түрлі болды.
Барлығында дерлік басты орында жер шаруашылығы болғанымен, олардағы әлеуметтік қатынастар әр түрлі болды. Мысалы, құлиеленушілік Египетте, Вавилонда т.б. жерлерде болғанмен, басқа елдерде негізгі өндірушілер шаруалар мен қолөнершілерден тұрды. Индия, Парсы патшалығында, қытайда, әлеуметтік қатынастардың күрделі жүелері болды.
Діни, дүниетанымдық көзқарастары әр түрлі болғандықтан, әр түрлі құдайларға табыну кең тарады. Сондықтан мемлекеттің дамуы, алдымен шағын мемлекеттер пайда болып, олардың үстемдік үшін күресінің нәтижесінде ірі, орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы көптеген елдерге ортақ құбылыс болды. Басқару жүесі-патшалық билік мұралық жолмен жалғасып отырды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі Поэзия и проза Древнего Востока. М.1973
«История Древнего Востока. Зарождение древних классовых обществ» первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М. 1983. Ч.2. Передняя Азия.Египет. М.,1988.
История Востока.(Восток в древности) Т.1. М. 1997. (Под. ред. Р.Б.Рыбанова, И.М. Смилянской и др.
История Древней Греции. (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.