1) Щербак не «Лиза, Лиза, Лиза, жүрші үйге» деген
мəнде қызды жалынып, үйіне шақырып тұр (жалыну сезімі) не;
2) «Лиза, Лиза, Лиза, мен сені жақсы көремін» деген мағынада өзінің қызға деген сезімін (махаббаттық сезімін) білдіріп тұр.
Ерекше шақыру дауыс ырғағымен айтылып, сөйлеушінің әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіру үшін қолданылатын, грамматикалық жақтан не бастауышқа, не баяндауышқа жіктеле алмайтын мүшеленбейтін сөйлем.
Вокативті сөйлемдердің басты белгілері:
вокативті сөйлемдердің тірек сөзі ретінде кісі есімдері және кісіге қатысты жалпы есімдер қолданылады;
құрамы жағынан көбінесе бір сөзді (қайталанып та қолданылуы мүмкін);
контекске, жағдаятқа бағынышты, яғни олар – жағдаятпен, контекспен шарттастырылған сөйлемдер;
ғ) ең бастысы – сөйлем мүшесіне ажыратыла алмайды.
Одағайлы сөйлем- грамматикалық құрылымы, қызметі тұрғысынан өзгеше сөз табы болып табылатын одағайлар көп мағыналығымен, айтылу ырғақтарының құбылмалығымен басқа сөз таптарынан ерекшеленеді.
Екі жағдайда қолданылады Одағай мүшеленетін сөйлемде келіп, сол сөйлемдегі іс-əрекетке əртүрлі эмоциялық-экспрессивтік реңк мəнін ғана үстейтін оқшау сөз қызметінде жұмсалады. Мұндай кезде одағайдың өзі тіркескен мүшеленетін сөйлем-нен сəл кідіріс негізінде үтір арқылы ажыратылғаны болмаса, бе- ретін мағынасы мүшеленетін сөйлемнің мағынасымен бірдейлігі көзге түседі. Демек, одағай оқшау сөз бен мүшеленетін сөйлемнің эмоциялық реңкі бір арнада ұштасады.
Одағайлы мүшеленбейтін сөйлем дегеніміз – адамның көңіл күй сезімдерін, тілегін, сол іс-əрекетке байланысты бағалауын, қатысын білдіріп, ерекше интонациямен айтылатын экспрессивтік-эмоциялық реңктегі сөйлем.
Кері байланыс
Келесі аптада қаламызға кезекті сапарымен облыс әкімі келмекші.