Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. Жоспар


Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз



бет2/4
Дата15.12.2022
өлшемі20,03 Kb.
#57527
1   2   3   4
Байланысты:
14 Сөйлемнің функциялық топтастырылуы. 2

Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз.
Сөйлемдегі сөздердің әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасына лайық сөйлем құруға қатасып, тұтас ойдың мазмұнына отрақтасып тұрады. Олар сонымен қатар, сөйлемде жалаң мүше қызметінде не күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық және грамматикалық мағыналарын айқындай, толықтыра түседі.
Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, бастауыш – баяндауыштық ( тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық ( тұрлаусыз) қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып бастауыш, баяндауыш арқылы айтылған ойды толықтырып, айқындай түседі.
Сөйлемдерайтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. (Абай) Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан. Аспан шайдай ашық.( Ғ.Мұстафин.)Ғылым ауыл шаруашылығын өркендеие беруге үлкен көмек көрсетіп келеді. Халық өз бақыты үшін күресетінін білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды. ( Х. Есенжанов.)
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әр түрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, әсіресе баяндауыштың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Баяндауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды ( Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжалды (Жездең ертең келетін шығар) болады, ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт) болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу әуенмен айтылады; жалаң сөйлемдер тақ- тұқ қайырылса, жайылма сөйлемдерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түсіп тынады. Мысалы:
Түн жым- жырт. Жел де жоқ.Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. ( М.Әуезов.)Асанмен сөйлесіп отырған Қажымұқан бұлардың әңгімесін бөліп жіберді(Х.Есенжанов.)
Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы айрылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу әуені әр уақытта бірқалыпты бола бермейді.
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ соғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылады да. Одан кейін дауыс бәсеңдей береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет