Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет4/7
Дата02.05.2023
өлшемі107,36 Kb.
#89177
1   2   3   4   5   6   7

М.Балақаев: бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады, Р.Әміров: Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі – деп қорытады. Ал, Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол сияқты кейбір түркітанушы – ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін келтірейік: Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі; А.Жапаров: сөйлем бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі – деген тұжырым жасаған. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады.

Етістік баяндауыштар. Етістіктерден болған дара баяндауыштарЕтістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі –баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдерді баяндауыштарының дені –етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр ( Ғ.Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді. Етістіктердің сөйдемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы: Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Ғ.Мүсірепов). Амантайдың жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды (С.Мұқанов) Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды ( мысалы: ... амандасты, ... тулады), ал сабақты етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс ( мысалы: көзін ашты).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет