Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет2/7
Дата02.05.2023
өлшемі107,36 Kb.
#89177
1   2   3   4   5   6   7

Бастауыш. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш болады, екіншіден, сөйлемде бастауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, бәрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен бірге бастауыш: зерттелу, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны және оның мағынасына қарай бөліну бағытында қаралуы тиіс. Енді осыларды жеке-жеке көрсетелік. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.

Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі беріліп жүр. Х.Басымов «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», - десе, С.Аманжолов «Сөйлемегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз»,-дейді. М.Балақаев «Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»,-деп келсе, Р.Әміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз»,- деген ережені айтады. С.Аманжолова, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында, «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»- делінген

Қазақ тіл білімі мен түркітану әдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын көруге болады. Мысалы: Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы, басты нәрсе болуы. Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, яғни, баяндауыштармен синтаксистік қатынастары, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет