Етістіктерден болғанкүрделі баяндауыштар . К ү р д е л і е т і с т і к т і б а я н д а у ы ш т ы ң қ ұ р а м ы. Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы нәзік реңктерін білдіру. Мысалы:Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім деген бесеуі біріне бірі ұласқан бір істің жайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік бар. Оның алдыңғы екеуі ( сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де, соңғылары ( жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Соңғы үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.
Қазақ тілінде, орыс тіліндегідей, сараланған видтік категория жоқ. Бірақ күрделі етістіктерден болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып, әр түрлі қимыл кезеңдерін білдіреді. Олардың бастылары мыналар: Қ и м ы л д ы ң б а с т а л у к е з е ң і. ^ Мысалы:Отыр, қал, жатыр, кел, баста, жөнел, т.б. көмекші етістіктер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың не күйдің басталып қалғанын, басталғанын білдіреді. Мысалы: Таң бозарып атып келеді.Жақып сөйлей жөнелді (Ғ.Мүсірепов). Қ и м ы л д ы ң б о л ы п ж а т қ а н к е з е ң і. Мұндай мағынада жұмсалатын баяндауыштың құрамында тұр,кел, бер,жүр, қой, түс,т.б. көмекші етістіктері болады. Мысалы:Жарқыраған май күні... тамылжып тұр (М.Әуезов).
Қ и м ы л д ы ң а я қ т а л ы п қ а л ғ а н к е з е ң і. Мұндай мағынаны білдіретін күрделі баяндауыштың құрамында қал, кел, кете, жазда сияқты көмекші етістіктер болады. Мысалы:Жұмыс аяқталып қалды. (Ғ.Мүсірепов) Қ и м ы л д ы ң а я қ т а л ғ а н к е з е ң і. Күрделі баяндауыштар бұл мағынаны білдіру үшін олардың құрамында жібер, кет, бер, бол, қой, таста сияқты көмекші етістіктер болады. Мысалы: Жолаушылар жүріп кетті (Ғ.Мүсірепов) Қ и м ы л д ы ң д ү р к і н д і л і г і. Қой, бер, жатыр, отыр, түс, бар сияқты көмекшілер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың қайталанғанын, істің дүркін – дүркін істелгенін білдіреді. Мысалы: Жылқы етінің иісі мұрныңды жарып барады (Ғ.Мүсірепов)