Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет6/7
Дата02.05.2023
өлшемі107,36 Kb.
#89177
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Есім баяндауыштар. Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сан есім,сын есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Мысалы:Мен студентпін – Я есть студент.Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына қарасақ та елеулі айырмашылығы барлығы байқалады. Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек. Мысалы: Ол – студент, Рәбиға – инженер, Абай – ақын, т.б. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын – дауыс ырғағы.

Есімдерден болған күрделі баяндауыштар. К ү р д е л і б а я н д а у ы ш т ы ң қ ұ р а м ы . Есімдерден құралған сөз тіркестері де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Күрделі есім баяндауыштардың құрылысы, негізінде, мынадай болады. 1. К ү р д е л і а т а у л а р м е н к ү р д е л і е с і м д е р. Мысалы:Екі ауданның арасы – бір жүз елу бес километр 2. И з а ф е т т і к т і р к е с т е г і е с і м д е р т о б ы. Мысалы:Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай).

Қорытынды. Қорыта айтқанда, бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі рөлін «Қазақ тілі грамматикасында: Бірақ бастауыш пен баяндауыш өзара бара – бар тепе –тең деуге болмайды. Олардың теңдіңгі – диалектикалық теңдік. Өйткені олар белгілі бір дәрежеде бір –біріне қарама – қарсы. Баяндауыш бастауышқа бағынады. Бастауыш пен баяндауыш бірлесіп барып айтылған ойды аяқтап, тиянақтайды» деп тұжырымдайды. Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құрауға негіз болатын предикативтік бірлік. Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрауда атқаратын рөлі туралы ғалымдар арасындағы пікірталас бас мүшелерінің тығыз граматикалық байланысынан туындаса керек. Бастауыш-сөйлемдегі ұйымдастырушы бас мүшенің бірі, оған баяндаушы граматикалық тұлғасы жағынан тәуелді. Алайда баяндауыштың қолданылуындағы дербестік, сөйлемдегі ойды тиянақтау мүмкіндігі-баяндауыш мүшенің сөйлемдегі доминанттық рөлін айқындайды.Түркологияда, соның ішінде қазақ тілінде бас мүшелерді зерттеу мәселесіне ғалымдардың әр түрлі аспектіде келуі аталған мүшелердің граматикалық сипатын ашуға мүмкіндік жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет