Бас мүшелерге анықтыма беруде, олардың граматикалық тұлғаларын анықтауда төмендегідей ерекшеліктерді басты назарда ұстаған жөн: 1. бастауышқа анықтама беруде оның тек ой иесі екендігін көрсету-граматикалық бастауыштың табиғатын таныта алмайды. 2. Баяндауышқа тән граматикалық белгісі біріншіден, сөйлемдегі ойды тиянақтауы болса, екіншіден, белгілі бір жақ тұлғасында тұруы. 3. Граматикалық бастауыштың тұлғасы – атау септігі. Тек атау тұлғадағы сөз ғана баяндауыштың предикаттық қатынасқа түсе. Сөйлем құрай алады. 4. атау тұлғада бастауыш дегеніміз – атау септігінің формасында тұрып, субстанттық мәнде жұмсалып, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше 5. Логикалық бастауыш – граматикалық бастауыш секілді сөйлемде айтылған ойдың иесі. Айырмашылығы – тұлғасында. Граматикалық бастауыш атау септігінде тұрса, логикалық бастауыш ілік, барыс септік тұлғаларында тұрады.
6. Сөйлемдегі баяндауыштың негізгі граматикалық тұлғасы-жіктік жалғаулары. 7. тұрлаулы мүшелердің граматикалық тұлғасы дегеніміз, кейбір оқулықтар мен граматикаларда, жеке зерттеулерде көрсетіліп жүргендей, осы қызметті атқарып тұрған сөздің сыртқы морфологиялық құрылымы емес сол сөзді аталған позицияға түсіріп тұрған арнайы морфологиялық көрсеткіш. Ол тұлға бастауышта атау септігі, баяндауышта жіктік жалғаулары.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы А,. 1940. 2. Балақаев М., Қордабаев Т Қазіргі қазақ тілі А,. 1966. 3. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А., 1991. 4. Ермекова Т. Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар. Алматы, 1999. 5. Абылақов Ә.А. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы және қолданылу аясы. А., 1990. 6. Қазақ грамматикасы. Астана , 2002. 7. Ғ. Мүсірепов “Қос шалқар“ , “Өмір ертегісі”