Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді. Мысалы: Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ.Мүсірепов).
Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар к і м?, н е? Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген жалаң күйінде қойылмайды , баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады (Кім б а я н д а м а ж а с а д ы? – Ажар...) Айту оңай, істеу қиын ( Н е о ң а й? Айту... н е қ и ы н? – Істеу...). Еріншектің ертеңі бітпес ( Н е с і б і т п е с? – Ертеңі...) Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ . Белгілі жағдайда ( субстантивтеніп қолданылғанда), тіпті, өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін.
Бастауыштың жасалу жолдары. Бастауыштың жасалу жолын бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Олар мыналар: 1. Негізгі сөз таптары арқылы. 2. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің тіркесі арқылы. 3. Тұрақты тіркестер арқылы. 4. Сөйлемнің сөйлем мүшесі болуы арқылы. 5. Жеке дыбыстардың қатысы арқылы. 6. Сөз тіркесі арқылы Сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер. Олар түбір тұлғада да, көптік, тәуелдік қалпында да бастауыш болады. Мысалы: Салиқа қырман басына келді. (Ғ.Мүсірепов)
Баяндауыш. Баяндауыш туралы сөз қозғамастан бұрын оның сөйлемде атқарар жүгін айқындап алған жөн. Бұл – аса күрделі де маңызды мәселе. Мәселеге осы тұрғыдан келу зерттеу объектісінің қаншалықты маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, тіл білімінде әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселе төңірегінде теориялық нақты тұжырым жасауға жетелейді. Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х.Басымов: «баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді – дейді. І.Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін тұрған сөзді «баяндауыш» - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді «баяндауыш» дейміз; б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз «баяндауыш» болады, - деп талдайды. С.Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді.