Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.01.2023
өлшемі123,38 Kb.
#61976
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Бунақтар – өзіндік екпін‚ ырғақпен айтылатын сөздер тобы. Сонда тек бір бунаққа енген 
сөздердің аралығында қатар келген дыбыстар ғана біріне-бірі ықпал ете алады‚ олар көбіне 
үндесіп‚ үйлесіп тұрады. Егер өзара акустика-артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаса‚ онда 
біреуі (әлсізі)‚ кейде екеуі де алмасуға ұшырайды. Мәселен‚ жоғарыдағы шумақта мынадай 
ырғақтық топтардың аралығындағы дыбыстар алмасуға ұшырайды: айғабақ (ай қабақ)‚ 
алтыңгірпік (алтын кірпік)‚ ал негайайын (неге аяйын)‚ сарағаш (сары ағаш) дегендерде алдыңғы 
сөздің (неге‚ сары) соңғы дыбысы элизияға ұшырап (лықсып) айтылмайды. Қалған ритмикалық 
топтардың аралығындағы дыбыстар өзара тіл табысып тұрғандықтан‚ алмасуға ұшырамайды. 
Сонда әлгі шумағымыздың айтылуы мынандай болып шығады: 
1
Áàéò½ðñûíîâ À. Øû¹àðìàëàðû. Àëìàòû‚ 1989‚ 189-á. 


10-лекция 

Айғабақ /алтыңгірпік/ қызылерін 
Келдесең/ негайайын /аттыңтерін// 
Сарағаш/сазғабіткен/секілденіп 
Қайжерде/отұрекен/бұраңбелім//
Прозаға қарағанда‚ өлең текстеріндегі сөздердің ритмикалық топтарын ажырату оңайырақ‚ 
өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындықтан‚ ондағы сөздердің топтасуы өз-өзінен шығып 
тұрады‚ оның үстіне бұған әр тармақтың ара жігі‚ ұйқас дегендер де көмектеседі. 
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер ритмикалық топтарға жіктеліп айтылады. 
Ақшоқыда туған өлең‚ өлең мен ән /сан салалы жырлар/көшіріліп жатталып‚ әуендеп толқып‚ 
тарап жатты. /Алуан сырлы жаңа сөз/ арқаның қоңыр желіндей/ жай жылжып‚ бірақ/ кең жайылып 
тарады (М. Әуезов). Мұндағы үтірлер дауыс ырғағына тура келіп тұр. 
Оқулықтарда ал‚ алайда‚ бірақ‚ әсіресе‚ тіпті‚ көбінесе‚ тек сияқты сөздерден соң үтір 
қоюға болмайды десе‚ жұрт қоюға құмар. Олай болатыны‚ бұл сөздер жеке ырғақ‚ екпінмен 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет