Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата19.01.2023
өлшемі123,38 Kb.
#61976
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
9. Тұрақты тіркестер: жүрөгжұтқан (жүрек жұтқан)‚ ташшүрек (тас жүрек)‚ таспауұр 
(тасбауыр)‚ күңгөрдү (күн көрді)‚ ботагөз (бота көз)‚ құралайгөз (құралай көз)‚ қаңғұйлұ (қан 
құйлы)‚ қаңғызыл (қан қызыл)‚ қанығара (қаны қара)‚ көгаламылжың (көк ала мылжың)‚ 
қаспеңгөздің арасында (қас пен көздің арасында)‚ айдыңгөл (айдын көл). 
Сөйлеу кезінде жоғарыда көрсетілген бунақтар бір-бірімен өзара қатынасқа түсіп айтылады 
да‚ синтаксистік талдау кезінде сөйлем мүшелері түрінде көрінеді. Сонда бастауыш пен 
баяндауыш‚ анықтауыш пен анықталатын сөз‚ толықтауыш пен толықталатын сөз‚ пысықтауыш 
пен пысықталатын сөз бір ырғақпен айтылады да‚ ритмикалық топ құрайды. Соның өзінде олар 
міндетті түрде іргелес‚ көрші тұруға тиіс‚ араларына көбірек сөз енген сайын олар тұтастығынан 
айырылып‚ ажырап кетеді. Мысалы: Асан келді. Асан өткен жылы оқуын бітіріп келді. Алдыңғы 
сөйлемде бастауыш пен баяндауыш қатар тұрып бір бунақ (Асаңгелді) құрайды да‚ екінші 
сөйлемде аралары алшақтап‚ ырғағы жағынан мүлде қабыспайды. 
ЫРҒАҚ‚ ЕКПІН 
 
Қазақ тілінде бунақтарды жұбын жазбай‚ араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп‚ 
бір ырғақ‚ екпінмен айтудың маңызы өте зор. Олай болмаған жағдайда сөздердің байланыс реті 
бұзылады да‚ тіл табиғи жарасымынан айырылады‚ құлаққа жағымсыз естіледі‚ әрбірден соң 
айтылған ой көмескіленіп‚ тіпті түсініксіз болып кетуі де қиын емес. 
Мәселен‚ бір бунаққа енетін мынадай тіркестердің басқы сөзін бөліп айтып көрейік: 
тас бауыр болды 
тас жүрек еді 
тас кенені көрді 
тау ешкіге жолықты 
бас бармақсыз қалды 
жан қалтаға салды 
ат-тонсыз қалды 
үйкүшікке жолықты 
ағаш қасықты ұстады 
қол орамалын ұмытты 
жыланбасты жинады 
айыл-тұрманын арқалады 
жел сөзін аяды 
тас бауұрболдұ 
тас жүрөгеді 
тас кененігөрдү 
тау ешкігежолұқтұ 
бас бармақсызғалды 
жан қалтағасалды 
ат тонсызғалды 
үй күшіккежолұқты 
ағаш қасықтыұстады 
қол орамалынұмұтты 
жылан бастыжыйнады 
айыл тұрманынарқалады 
жел сөзүнайады 
Бұдан қалыпты ырғақ‚ екпіннен айырылған тіркестердің мағынасыздыққа ұшырайтынын 
аңғару қиын емес. 


10-лекция 

Айтылар ойдың айқын‚ түсінікті‚ көңілге қонымды құлаққа жағымды болуы көбіне бунақ 
екпінінің дұрыс қойылуына тікелей байланысты болса‚ екінші жағынан бұлардың (ырғақ‚ екпін) 
өзі айтылар ойға‚ мағынаға тәуелді екенін ескеру керек. 
Мәселен‚ сөз құрамы бірдей мына тіркестерді екі түрлі ырғақпен (екпінмен) айтып‚ екі түрлі 
түсінуге болады. 
қазақтілінсүйеді 
 
 
қазақ тілінсүйеді 
қазағжерінсағынды
 
қазақ жерінсағынады 
қонағүйгөгірді 
 
 
қонақ үйгөгірді 
малғорадатұр 
 
 
мал қорадатұр 
жүңғаптатұр 
 
 
жүн қаптатұр 
ташшолғатөселді
 
тас жолғатөселді 
үйгүшіктіңмекені
 
үй күшүктүңмекені 
ағашүйдөғой 
 
 
ағаш үйдөғой 
алтыңғасықпенішті 
 
Алтын қасықпенішті 
теміртәртіптісақтады 
 
Темір тәртіптісақтады 
әдемалмажеді
 
 
Әдемі алмажеді 
 
Бұдан шығатын қорытынды: бунақтар (бунақ екпіні) лексикаға (мағынаға қатысты)‚ 
грамматикаға (сөз тіркесі‚ сөйлем мүшесі тұрғысынан)‚ әсіресе фонетикаға тікелей қатысы бар 
маңызды тілдік фактор ретінде қаралуға тиіс. Мұны білмейінше‚ сөз бен сөздің аралығындағы 
дыбыстардың үндесуі туралы айту мүмкін емес. 
Есте болатын жай‚ қара сөздегі және өлеңдегі бунақтың ұқсастығымен қатар‚ ерекшеліктері де 
бар. “Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы 
жорға жүрісінің тайпалуы; теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады” (А. Байтұрсынов). Оның 
үстіне қара сөзде бір бунақ құрайтын қалыпты тіркестер өлеңде көрші бунақтарға бөлініп те кетіп 
жатады. Мәселен: Тастан түлкі /табылар/‚ аңдығанға (Абай). Өлеңге тән инверсияны (лат. іnversі – 
аудару‚ ауыстыру) айтпағанда‚ қалыпты тіркес түлкі табылар екі бунаққа ажырап тұрғанын аңғару 
қиын емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет