Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды


 Өзара тіркескен (күрделі) зат есімдер



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата19.01.2023
өлшемі123,38 Kb.
#61976
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10-лекция

3. Өзара тіркескен (күрделі) зат есімдер: малғора (мал қора)‚ қонағүй (қонақ үй)‚ темірғасық 
(темір қасық)‚ ташшол (тас жол)‚ қойғора (қой қора)‚ алтыңғасық (алтын қасық)‚ жаңғалта (жан 
қалта)‚ балғаймақ (бал қаймақ)‚ балғасық (бал қасық)‚ балғұрақ (бал құрақ)‚ кітаппазары (кітап 
базары)‚ кійізгітәп (киіз кітап)‚ қажжұуа (қаз жуа)‚ мұрұңғұуұсұ (мұрын қуысы)‚ ауызғұуұсұ (ауыз 
қуысы)‚ қолгүрөк (қол күрек)‚ қолғамшы (қол қамшы)‚ Алматығаласы (Алматы қаласы)‚ 
Жамбылгөшөсү (Жамбыл көшесі)‚ Құрманғазыгөшөсү (Құрманғазы көшесі)‚ Қазағуниверситеті 
(Қазақ университеті)‚ қазағәдебиеті (қазақ әдебиеті). 
4. Күрделі сын есімдер: қарала (қара ала)‚ көгала (көк ала)‚ алғызыл (ал қызыл)‚ алағарагөк 
(ал қара көк)‚ қарағасты (қара қасты)‚ ұзұмбойлұ (ұзын бойлы)‚ сұуұғжүзді (суық жүзді)‚ 
қарағошқыл (қара қошқыл)‚ ақпоз (ақ боз)‚ көкжасыл (көк жасыл). 
5. Күрделі сан есімдер: омбір (он бір)‚ омбес (он бес)‚ отұжжеті (отыз жеті)‚ қырықпір 
(қырық бір)‚ қырығжеті (қырық жеті)‚ үшжүз (үш жүз)‚ оммың (он мың)‚ жүжжыйырма (жүз 
жиырма)‚ тоқсамбес (тоқсан бес). 


10-лекция 

Мұнда бунаққа енетін сөздердің саны үш-төрттен аспауға тиіс. Одан асса‚ іштей ажырап 
кетеді. Мәселен: бірмың тоғұжжүз қырықпес (1945)‚ мыңтоғыжжүз (1900)‚ жүзғырықпес (145)‚ 
тоғұжжүзғырықпес (945); 
6. Есімдік тіркестер: бұлгім (бұл кім)‚ олғайда (ол қайда)‚ сеңғайдасың (сен қайдасың)‚ 
сеңғандайсың (сен қандайсың)‚ сенгімсің (сен кімсің)‚ әргезде (әр кезде)‚ әргім (әркім). 
7. Етістік тіркестер: жазыпполдұ (жазып болды)‚ жазыбжатыр (жазып жатыр)‚ жазыбеді 
(жазып еді)‚ ойлаботұр (ойлап отыр)‚ ойлабеді (ойлап еді)‚ сөйлөбжатыр (сөйлеп жатыр)‚ 
сөйлөпполдұ (сөйлеп болды)‚ сөйлөбеді (сөйлеп еді). 
8. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі: үйгөғарай (үйге қарай)‚ үйдүңғасында 
(үйдің қасында)‚ сеңғана (сен ғана)‚ әріғарай (әрі қарай)‚ мағаңғарай (маған қарай)‚ сенембұрұн 
(сенен бұрын)‚ бұдамбұрұн (бұдан бұрын)‚ бұдаңгейін (бұдан кейін)‚ сенімембірге (сенімен бірге)‚ 
сонұмеңғатар (сонымен қатар)‚ келгеннембері (келгеннен бері)‚ бармастамбұрын (бармастан 
бұрын)‚ меңғой (мен ғой)‚ бүгүңғана (бүгін ғана)‚ содаңгейін (содан кейін)‚ содамбері (содан 
бері). Оқшау сөздер тобын құрайтын одағайлар да кейде (өлеңде) өзінен кейінгі сөзбен 
ритмикалық топ құрап айтылады:ейғалқам (ей қалқам)‚ әғұдай (ә‚ құдай)‚ ожалған (о‚ жалған)‚ 
оғұдай (о‚ құдай)‚ әйғарағым (әй‚ қарағым). 
Осы күнгі апыр-ай (а‚ пір-ай)‚ ойпыр-ай‚ япыр-ай‚ әупірім‚ әттеген-ай‚ ойбай сияқты туынды 
одағайлар о баста бунақ құрап айтылған жеке сөздер екені айқын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет