Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.
Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша қызмет атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, дыбыстық тілге ие болды.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерін және олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелер сөйлеу аппараты деп аталады. Сөйлеу аппаратына: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б.
Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолында орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген.
Дыбыстарды жасауға қатысатын дене мүшелерінің қызметі алуан түрлі. Олардың ішінде дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып, керіліп қозғалыста болады. Ауаның әсерінен керілген кезде дауыс шымылдығы дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыснемесе тондеп атайды. Дауысты дыбыстар осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарға тонның қатысу дәрежесі әртүрлі болып, салдыр жетекші қызмет атқарады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.
Талдау реті:
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
3.Тасымал.
4.Екпін.
5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
Реклама
К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.
А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
Достарыңызбен бөлісу: |