Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет5/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Мұрындағы бөгде заттар

Мұрындағы бөгде заттардың болуы балаларда байқалады. Өйткені олар ойынаған кезде әр түрлі ұсақ заттарды мұрынға салады: тас, мойыншақтар, түйме, шие дәні, бұршақтар және т.б. Осы бөгде заттар бір кейде екі мұрын қуыстарын бітеп, мұрынның кілегейлі қабатының іріңді қабынуын тудырады. Бала мұрынынан ірің иісі бар бөліністер бөлінсе (әсіресе ірің тек бір жақтан ғана бөлінетін болса), бұл ондағы бөгде заттардың болуын білдіреді. Көп жағдайларда бөгде заттар мұрынның төменгі бөлімінің басында қалып қояды, тәжірибелі дәрігердің көмегімен ол заттарды алып шығуға болады. Мұрыннан бөгде заттарды тез арада алып тастауға асықпаған жөн, оның мұрында бірнеше күн болуында ешқандай қауіптілік жоқ. Сондықтан бөгде заттарды өздігінен алуға тырыспау қажет. Пинцет немесе әр түрлі ұстағыштар арқылы мұрындағы бөгде заттарды алу оның әрі қарай тереңірек итерілуіне мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет