Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет8/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

Гипертрофиялық тұмау

Созылмалы тұмау кезінде мұрынның кілегейлі қабатының өсіп кетуі (гипертрофия) жиі байқалады. Кілегейлі қабат жеке-жеке бөлімдерде қалыңдайды. Әсіресе мұрынның төменгі бөлімдерінде қалындау болады. Осыны байқаған кезде ол дөнестеніп келген құлпынайға ұқсайды. Аурудың осы формасын гипертрофиялық тұмау деп атайды. Гипертрофиялық тұмау кезінде мұрынның бітелуі тұрақты және бастың орналасуына байланысты өзгермейді. Кілегей қою және қиын бөлініп шығады.

Кеңсірік шеміршегінің қисаю түрлері

Кеңсірік шеміршегінің қисаю түрлері

Төменгі мұрын қалқанының гипертрофиясы

Озен мұрын мен төменгі тыныс жолдарының кілегей қабатының кенеттен атрофияға ұшырауымен жүретін созылмалы ауру болып табылады. Озеннің атрофиялық тұмаудан ерекшелігі мұнда тек мұрынның кілегейлі қабаты ғана емес, сонымен қатар мұрынның сүйекті қаңқасы атрофияға ұшырайды, сондықтан озен кезінде мұрын жолдары одан сайын кеңейген болып келеді. Озенға жағымсыз иісі бар қабықшалардың пайда болуы тән. Иіс сезу бөліміне таралатын кілегейлі қабаттың атрофиясының салдарынан озенмен сырқаттанатын адам иіс және дәм сезбейді. Кейде озен кезінде мұрыннан жағымсыз иіс шығып тұрады, бұл қолайсыз жағдайларды тудырады. Озеннің пайда болу себептері қазіргі кезде әлі толық зерттелмеген. Осы аурулардың дамуында сыртқы орта факторларының, әсіресе материалдық және тұрмыстық жағдайлар маңызды орын алады. Озенді емдеу қабықашаларды механикалық жолмен жоюға және кілегейлі қабатты сілтілі ертіндімен шаюға негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет