Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет6/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Өткір тұмау Мұрын кілегей қабатының өткір қабынуы, немесе өткір тұмау жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Өткір тұмау жеке ауру түрінде, немесе жалпы жұқпалы аурулардың (қызылша, скарлатина, дифтерия, грипп және т.б.) бір белгісі ретінде байқалуы мүмкін. Өткір тұмаудың белгілеріне осылар жатады: мұрын мен мұрынжұтқыншақта құрғақ және ашу сезімдердің болуы, түшкіру, дене қызуының сәл көтерілуі. Мұрын қуысын осы кезде бақылағанда кілегей қабаттың ісініп, қызаруы байқалады. Бірнеше сағаттан кейін (кейде 2-3 күннен кейін) мұрындағы құрғақ сезім жойылып, сұйық бөліністер бөлінеді. Олар біртіндеп қоюланып, кілегейленеді, содан іріңді болады. Кілегейлі қабаттың ісінуі мұрынның бітелуін тудырады, сырқат адам дем ала алмай басын ауыр сезінеді, әлсіздік пайда болады. Атрофикалық тұмау мұрынның қалындауымен емес, керсінше жұқаруымен сипатталады. Мұндай ауру зиянды затардың үнемі әсер етуінен дамиды. Мысалы, ыстық ауамен мұрынның кілегейлі қабатын құрғату, силикатпен, цементпен, шылыммен және шаңның басқа түрлерімен дем алғанда. Кейбір жағдайларда атрофиялық тұмау ең ақырғы саты ретінде гипертрофиялық тұмаудан дамуы мүмкін, осы кезде өсіп кеткен дәнекер ұлпасының солып қалуы жүреді. Атрофиялық тұмаудың айқын формасында кілегейлі қабат жұқарып, құрғақ қабықтармен жабылады, ал мұрын жолдары кеңейуі соншалықты одан мұрынжұтқыншақты анық көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет