Мұрын полиптері жұқа аяқшаларда отырған дөңгелек пішінді ісінген түзілістер. Олар көбнесе ортаңғы мұрын жолдарынан шығады. Полиптер сұр түсті, кейде сары-қызғылт түсті, тегіс беткейлі консистенция. Оның мөлшері әр түрлі болып келеді: бір сырқатта көптеген ұсақ бұршақ тәрізде полиптер болады, басқа бір сырқаттарда бүкіл мұрын қуысы бір ірі полиптерге толы болуы мүмкін. Полиптер қосалқы мұрын қуыстарының ауруларында дамиды. Сырқат адамдар дем алудың қиынға соғуын сезінеді. Бас жиі аурады, мұрынның бітелуіне орай дауыс өзгереді, есту қабілеті төмендейді. Полиптерді хирургиялық жолдармен емдейді.