Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет11/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз-emirsaba.org

Озен

ринолалия

Мұрын қуысының дауыстың пайда болуы мен артикуляциясына қатысуы бұзылған кезде дауыс тембрі мен сөйлеу дыбыстарының патологиялық өзгерісі ринолалия деп аталады. Ринолалияның екі түрін ажыратады – ашық және жабық. Ашық ринолалия кезінде барлық сөйлеу дыбыстарының дыбысталуы тек ауыз арқылы ғана емес, мұрын арқылы да өтеді; ал жабық ринолалия кезінде ауа тек ауыз арқылы ғана өтеді. Мұрын қуысы өткізгіштігінің бұзылысын тудыратын мұрынның толық екі жақты атрезиясы және басқа да патологиялық процесстер мұрын резонансын толық істен шығуына әкеледі. Осы кезде жабық ринолалия пайда болады. Дауыс мұндай жағдайда өзіннің обертонынан айырылып, дауыс естілмейді. Егер мұрын қуысының бітелуін тудыратын кедергілер мұрынның немесе мұрынжұтқыншақтың артқы бөлімінде орналасса, онда оны артқы жабық ринолалия деп атайды. Ал кедергілер мұрын қуысының алдыңғы бөлімінде орналасса, онда оны алдыңғы жабық ринолалия деп атайды. Алдыңғы жабық ринолалия кезінде мұрын резонансы кейде сақталады. Жабық ринолалия кезінде әсіресе мұрын дыбыстарының дыбысталуы бұзылады. Мұрын толығымен бітелген кезде м және н дыбыстарының орнына сәйкес б және д дыбыстары айтылады (мама сөзінің орнына – «баба» , няня сөзінің орнына – «дядя» және т.б.); егер мұрын толығымен бітелмесе, онда м дыбысы мб және н дыбысы нб ретінде естіледі. Жабық ринолалия мұрын қуысы өткізгіштігінің бұзылуынсыз-ақ байқалады, оны функционалды жабық ринолалия деп атайды. Осындай ауытқу кейде керең балаларда пайда болады. Жабық ринолалияны емдеу мұрын мен мұрынжұтқыншақтағы кедергілерді жоюға негізделген. Осыдан кейін міндетті түрде логопедиялық жаттығуларды жүргізу қажет; бір логопедиялық жұмыс арқылы функционалды жабық ринолалияны емдеуге болады. Ашық ринолалия жабық ринолалияға қарағанда жиі кездеседі. Мұрын дыбыстарынан басқа сөйлеу дыбыстарын қалыпты шығарған кезде жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанасады және ол осылай жұтқыншақтың ауыз бөлімін мұрынжұтқыншақпен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет