Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет12/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз-emirsaba.org

Ауыз қуысының аурулары

Дауыстың пайда болуы мен сөйлеу қабілетінің қызметіне әсер ететін ауыз қуысының ауруларының ішінен артикуляция мүшелерінің (ерін, жұмсақ және қатты таңдай, тіл, жақ пен тістер) даму аномалиялары маңызды орын алады.

Түрлері:

Ерін және таңдай дефектілері

Ерін мен таңдай дамуының жиі кездесетін аномалиялары бұл үстіңгі ерін мен таңдайдың саңылаулы дефектілері болып табылады, ол осы ауыз қуысы бөлімдерін түзетін эмбрионалды бастамалардың қосылуға үлгермеу салдарынан болады. Эмбрионалдық даму бұзылысының байланысты аномалияның әр түрлі дәрежелерін ажыратады. Ең оңайы жоғарғы еріннің саңылаулы болуы, ол бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. Бір жақты саңылаулану күрек тістер мен ит тістер аралықтарындағы сызықта болады, көбнесе сол жақта. Ол еріннің түгел бойынан өтіп, мұрын тесігімен қосылған кезде толық болып келеді, ал жартысын алғанда толық емес болады. Екі жақты саңылаулану көбінесе семметриялы және жоғарғы ерінді үш бөлімге бөледі – екі бүйір және бір ортаңғы. Еріннің саңылаулануы кезінде тістің орналасуы мен сандарында ауытқулар байқалады. Жоғарғы еріннің айқын түрде саңылаулану болса, онда альвеолярлы өсіндінің саңылаулану байқалады. Ең ауыр аномалиялар - альвеолярлы өсіндінің, қатты және жұмсақ таңдайдың, жоғарғы еріннің екі жақты саңылаулануы болып табылады. Жақаралық сүйектің бір жағы жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісімен өсіп кетсе, онда еріннің, альвеолярлы өсіндінің және таңдайдың толық саңылаулануы бір жақты болуы мүмкін. Толық екі жақты саңылаулану кезінде жақаралық сүйек алдына қарай орналасады. Жұмсақ таңдайдың саңылаулануы орта сызықта болады. Кейде жұмсақ таңдайдың бұлшық етті қабатының дефектісі қалыпты кілегейлі қабатпен қапталады, кейбір жағдайда қабат қатты таңдайдың саңылаулы дефектісін жабуы да мүмкін. Мұндай таңдайдың саңылаулануын субмукозды деп атайды. Ерін мен таңдайдың туа пайда болған саңылаулы дефектілері нәрестенің тамақтануына кедергі болады. Бала еме алмайды, тамақ оңай түрде мұрын қуысына түсіп, қақалып шашалады, жөтел мен құсу пайда болады. Тамақтың тыныс алу жолдарына түсуі бронха мен өкпенің қабынуын тудырады. Қатты және жұмсақ таңдайдың дефектілері кейде мерез ауруының нәтижесінде дамуы мүмкін. Осы жағдайда пайда болған саңылау ауыз қуысы мен мұрын қуысын байланыстырады және туа пайда болған таңдай дефектілері сияқты ауытқуларды тудырады. Кейінгі жылдары мерез нәтижесінде дамыған таңдай дефектілерін алдын алуға болады. Ерін мен таңдайдың саңылаулы дефектілерін тек хирургиялық жолдармен емдеуге болады. Егер белгілі бір себептерге байланысты операция жасалмайтын болса, онда қатты және жұмсақ таңдай дефектілерін жабу үшін арнайы дайындалған протездер – обтураторлар қолданылады. Туа пайда болған дефектілер қатарына қысқарған жұмсақ таңдай, тіл және тілдің мүлдем болмауы жатады. Мұндай дефектілер қабыну процестерінің нәтижесінде туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет