Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет14/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
сөйлеу мүшелерінің патологиясы

Түрлері:

Жұтқыншақтың деформациясы

Жұтқыншақтың деформациясы

Кейбір ауыр жұқпалы аурулар кезінде (скарлатина, дифтерия) жұтқыншақтың кілегейлі қабатының терең зақымдануы байқалады. Осының салдарынан жұмсақ таңдай, тілше және таңдай доғалары деформацияланады, кейде жұмсақ таңдай қалдығы мен доғалар жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тартылады. Осы кезде жұмсақ таңдай толық немесе жартылай жұтқыншақтың артқы қабырғасымен өсіп кетеді, нәтижесінде ауыз қуысы және ауызжұтқыншақ толығымен немесе жартылай мұрынжұтқыншақпен ортақтасады. Мұрын арқылы тыныс алу осы жағдайда болмайды немесе қиынға соғады. Жұтқыншақ қышқылмен және сілтілі негіздермен күйгенде осындай ұқсас көріністер байқалады. Күшті қышқылдар мен сілтілерді дұрыс сақтамағандықтан, оны ішіп қою жағдайлары кездеседі. Әсіресе бұл байқаусыз қалған балалармен болады. Қышқылдармен және сілтілермен күйген кезде кілегейлі қабатта қабыршақ түзіледі. Ауыр күйік кезінде жұтқыншақ қабырғасының терең өлуі пайда болады, және өңештің күюі байқалады. Күйіктен кейін жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ қабырғасының деформациясы болады, оны уақытында және дұрыс емдемесе, өңештің тарылуына және толығымен жабылуына әкеп соқтыруы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет