Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет20/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
сөйлеу мүшелерінің патологиясы

Жұмсақ таңдай параличі

Балаларда жұмсақ таңдай параличі жиі байқалады. Мұндай паралич көбнесе дифтерия кезінде туындайды. Осындай жағдайда жұмсақ таңдай мүлдем көтерілмейді (толық паралич), немесе жартылай ғана көтеріледі (толық емес паралич, немесе парез). Кейде паралич және парез бір жақты болады, онда жұмсақ таңдайдың бір жартысы қалыпты көтеріледі, ал басқа бір жағы қозғалыссыз қалыпта қалады. Айтылып кеткен барлық жағдайларда жұмсақ таңдай өзінің қызметін атқармайды, яғни ауыз қуысы мен ауызжұтқыншақты мұрынжұтқыншақпен ортақтастырмайды, осыған байланысты дыбыстың дұрыс шығуы және жұту қызметі бұзылады (сұйық тамақ мұрынға кіріп кетеді). Жұмсақ таңдай параличін оңай аңғаруға болады. Дифтериялы паралич уақытша сипатта болып, арнайы емдеуді қажет етпей өздігінен жазылады. Қалпына келтіру процесін электризация және медикаментозды емдеу арқылы жылдамдатуға болады. Егер паралич тұрақты болса, онда логопедиялық жаттығуларды жүйелі түрде жасап отыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет