Дауыс қатпарының фибромасы -тегіс бетті, дөңгеленіп келген ісік. Ол дауыс қатпарының бір жағында және жиі жоғарғы немесе төменгі бетте пайда болады. Фиброма кейде қатпарда бүкіл беттігімен жатады, кейде жұқа аяқшасы арқылы бекініп тұрады. Фиброма өте баяу өседі, оның мөлшері бидай дәнінен ірі бұршаққа дейін ауытқиды. Егер фиброма дауыс қатпарының жоғарға немесе төменгі бетінде пайда болса, онда ол дауыстың сондай дәрежеде өзгеруін тудырмайды; ал егер ол қатпардың бос шетінде пайда болса, онда дауыстың қырылдауы байқалады. Егер фиброманың жұқа ұзын аяқшасы болса, онда дауыс өзгермелі болады: фиброма астына түсіп, дауыс қатпарында жататын болса, онда дауыс салыстырымды түрде таза болады; егер қатпар арасында қысылып қалса, онда дауыс қырылдайды. Фиброманың дамуы түйіннің дамуы сияқты дауысқа көп күш түсіруден пайда болады. Тек хирургиялық жол арқылы емделеді.