Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз


Жұтқыншақ миндалинінің гипертрофиясы



бет18/29
Дата07.01.2022
өлшемі4,86 Mb.
#18572
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
сөйлеу мүшелерінің патологиясы

Жұтқыншақ миндалинінің гипертрофиясы

Жұтқыншақ миндалинінің қалыпты дамуы мұрын арқылы тыныс алуға кедергі болмайды. 10-12 жасқа қарай ол кішірейіп, содан толығымен жоғалып кетуі мүмкін, көп жағдайда ересек адамдарда байқалмайды. Бірақ қабыну процестерінің қайталануына орай жұтқыншақ миндалині үлкен болып ісінуі мүмкін. Жұтқыншақтың мұндай гипертофиясын аденоидтар (гректің aden – без және eides –түр) деп атайды. Кейде аденоидтар мұрынжұтқыншақты толтырып, мұрын арқылы тыныс алуды қиындатады. Горизонтальды қалыпта ұйықтаған кезде жұтқыншақ миндалинінің қан тамырлары қанға толып, оның көлемі одан сайын кеңейеді, осы кезде мұрын арқылы тыныс алу мүмкін болмайды, бала ауызын ашып ұйықтауға міндетті болады. Ұйқы оны мазалайды, қажетті түрде дем ала алмайды; оның жұмыс қабілеті, есі, зейіні төмендейді, сөйлеген сөздері түсініксіз дыбысталады. Аденоиды бар балаларда есту түтігінің өткізгіштігінің бұзылуына байланысты жиі есту қабілетінің төмендеуі байқалады. Мұрынжұтқыншақтағы аденоид Көбнесе аденоидтар мектепке дейінгі кезеңде және төменгі мектеп жасындағы (4-8 жас) балаларда жиі байқалады. Аденоидтарды операциялық жолмен жою арқылы емдейді. Операциядан кейін мұрын арқылы тыныс алу қалпына келеді, бірақ ауызбен тыныс алуға үйреніп алған балалар тыныс алу кедергілері болмаса да, бірден мұрын арқылы тыныс алмайды. Сондықтан аденоидтарды алып тастағаннан кейін ондай балаларды мұрын арқылы тыныс алуға бейімдеу қажет. Тыныс алу гимнастикаларын ұсыну өте тиімді болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет