Балаларға ұсынатын тапсырмалар арқылы тілдің грамматикалық құрылымының жағдайын тексеру оның адекватты түрде әр түрлі грамматикалық категорияларды түсініп, қолдануын анықтауға бағытталған.
Логопед баланың мынандай мүмкіндіктерін тексереді:
Ілік септігіндегі зат есімді түсініп, қолдануын (анамның, әкенің, апайдың);
зат есімнің көпше түрін жасауын (жапырақ-жапырақтар, құлын- құлындар);
грамматикалық категорияларды түсінуін («Қызды сүйреткен баланы көрсет, баланы сұйреткен қызды көрсет», «Тышқанды қуып жүрген мысықты көрсет, мысықты қуып жүрген тышқанды көрсет»);
өзіндік сөйлеуінде сөйлемдердің әр түрін қолдануын (қарапайым екі сөзден құралсған, жайылма, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас т.б.);
сөйлемдегі сөздердің ауыстырылған орнын қайта құрастыруын;
бастапқы формада берілген сөздерден сөйлем құрауын.
Ерекше назар балалардың сөзжасам мүмкіндіктеріне аударылады: жұрнақтар және сөздерді қосу арқылы жаңа сөздер жасау білігі, алған дағдыларын жаңа лексикалық материалда қолдану білігі. Бұл дағыдалардың қалыптасқан деңгейін анықтау үшін арнайы тапсырмалар іріктеледі.
Логопед баланың сөзжасам дағдылары мен біліктерінің қалыптасу деңгейін төмендегідей анықтайды:
Жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің мағынасын түсіндіру және қолдануы (көрпеше, жастықша, етікші, малшы).