Сөз қорын тексеру
Енжар және белсенді сөз қорларының жағдайын тексерудің тәсілдері:
Суреттерді көрсетіп, атау. Суреттерде мыналар бейнеленген:
Белгілері (қасиеттері) анық көрініп тұрған заттар, әрекеттер, нысандар (қас, кірпік, тістер, жер, ін, балық, жылан, қоқыс, кеме; емдейді, жинайды, оқытады, ойнайды т.б.);
Заттар жән олардың бөлшектері (ағаш –дің, бұтақтар, тамырлар; шәйнек – тұмсығы, тұтқасы, қақпағы; сағат – тілі, циферблат, цифрлары);
Әр түрлі мамандық иелері және олардың атрибуттары (сатушы- таразы; дәрігер- градусник, шприц, ақ халат; сылақшы - щетка, бояулар; тігінші – іс машинасы, қайшы, жіп, ине т.б.);
- Жануарлар (ит –күшік, мысық- марғау; шошқа- торай, жылқы- құлын, сиыр – бұзау);
Әр түрлі категорияларға қатысты сөздерді атау:
Түрі, тегін біріктіретін зат есімдер (өсімдіктер –ағашатр, бұталар, гүлдер; ойыншықтар – машиналар, қуыршақтар, доптар, кубиктер; ыдыс-аяқ –кастрөл, ожау, таба, табақ; азық-түлік – ірімшік, шұжық, айран, нан);
Жануарлар мен құстардың дауыс реакцияларын белгілейтін әрекеттер (қарқылдайды, мөңірейді, шиқылдайды, үреді, мияулайды, қорсылдайды, шақырады, маңырайды, азынайды);
Сезімдермен эмоциялар (жылайды, күледі, көңілденеді, мұңаяды, қуанады, ашуланады, танданады);
Ауа райының әр түрлі құбылыстары (жаңбыр, жел, қар, аяз, шық, тайғақ, тұман);
Әр түрлі мамандықтыққа байланысты әрекеттер (қызуды өлшеу, балаларды оқытады, укол салады, пошта таратады, автобус жүргізеді, азық –түлікті өлшейді, нан пісіреді); жануарлар әлеміне байланысты
(ұшады, қалықтайды, ызыңдайды, жүзеді, секіреді, шабады, жорғалайды, ұя салады, аулайды, қазады);
Семантикалық жағынан жуық әрекеттердің атаулары (жуынады- шомылады; ұйықтайды –жатады; сөйлейді –әр айтады; тоқиды-тігеді);
заттардың қасиеттерін белгілейтін сөздер: көлемі бойынша- (үлкен- кішкентай, жалпақ-жіңішке, ұзын-қысқа, биік-аласа); түсі бойынша – (ақ, қызыл, жасыл, сары) және реңктері; салмағы бойынша-ауыр-жеңіл пішіні бойынша- (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақ); температура, мезгілдер т.б.
жалпылама сипатындағы қасиеттер («Барлық қызыл түсті заттарды көрсет»).
Мағынасы бойынша жетіспейтін сөзді қосып айту (гүлдер солып қалды- оларды ... суғау керек; көйлек өте ұзын - оны ...қысқарту керек; түйме түсіп қалды – оны ... қадау керек;)
Антонимдерді іріктеу (тәтті-ашты, көңілді-көңілсіз, таңертең-кеш, күн- түн, жаман-жақсы, шу-тыныштық, жас-кәрі).
Синонимдерді іріктеу (ұл бала-мықты, күшті, батыр, ер; өзен- ағады, сарылдайды, жылғадан өтеді).
Берілген сөздерге сөйлемнің бірыңғай мүшелерін іріктеу (қар – жауады, жылтырайды; қуыршақ – үлкен, әдемі, сұлу, сәнді).
Сөздердің мағынасын түсіндіру (үйшік, апан, ін, кастрөл, кесе, тегеш, тәрелке).
Сөздердің астарлы мағынасын түсіндіру (кең пейілді; алтын алақан; алтын бас; алмадай әдемі).
Достарыңызбен бөлісу: |