СТЖД балаларды тексеру сөйлеу тілін тексерудің жалпы белгілі қағидаларын ескере отырып жүргізіледі (кешенді, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық т.б.).
Тексерудіңкезеңдері:
І.Бағдарлаукезеңі. Логопед бұл кезеңде баланың жеке құжаттарымен танысады, ата-анасымен бағытталған түрдегі әңгіме барысында анамнез жинақтайды. Алынған мәліметтер негізінде алдын ала сөйлеу тілінің қорытындысы белгіленеді.
ІІ.Дифференциалдыкезеңдесөйлеу тілінің біріншілік ақауын ұқсас жағдайлардан (есту қабілетінің немесе зиятының бұзылуындағы сөйлеу тілінің бұзылуы) ажырату мақсатында логопед баланың зияты мен есту қабілетін тексереді.
ІҮ. Сөйлеу тілі жүйесінің негізгі компоненттеріннақты тексеру. Оның нәтижесінде логопедиялық қорытынды шығарылады.
Ү. Қорытынды (анықтаушы)кезеңдебаланы арнайы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде динамикалық түрде бақылау (бақылау арқылы ақаулықтың байқалуын, өзгерістерін анықтау).
Логопедиялық тексерудің әдістемесі мен мазмұны
Баланы тексеруден өткізбес бұрын, логопед оның дамуы жөніндегі алдын ала жинақталған құжаттарды талдап шығуы керек. Сол мақсатта логопед медициналық құжаттардағы ақпараттармен (қорытындылармен) танысады. Әдеттегідей, ол қорытындылар мынандай мамандардан болады: невропатолог немесе психоневролог (сөйлеу тілі және зердесінің жағдайы), отоларинголог (есту және сөйлеу мүшелерінің жағдайы), окулист (көру мүшелерінің жағдайы), хирург, педиатр т.б. Баланың ерте жасындағы сөйлеу тілі, психикалық және физикалық дамуы жөніндегі ақпараттарды анықтау мақсатында логопед ата-анасымен алдын ала әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында жүктілік кезеңі, туылуы қалай өткені, оның барысына әсер еткен патологиялық факторлар болған-балмағаны; баланың сөйлеу және моторлы функцияларының дамуында тежелу болған- болмағаны анықталады.
Баланы ерте жастан қоршаған әлеуметтік және психологиялық ортасының статусы (отбасының толықтығы, баламен қарым-қатынастары, отбасында немесе араласатын жақындарында екі тілде сөйлейтіндер немесе сөйлеу тілінің бұзылысы бар-жоғы) жөніндегі ақпараттар жеке анықталады.
Логопедиялық тексеру танысып әңгімелесуден басталады. Оның мақсаты баламен жағымды эмоционалды қатынас орнатумен қатар, баланың сөз арқылы қатынасқа түсуге дайындығының деңгейін, сұрақтарды адекватты
түрде қабылдап, оларға жауап беру (бір сөзбен немесе жайылма сөйлеммен) білігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар, кіріспе әңгімелесу баланың сөйлеу тілінің дыбысталуы, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстық, лексика-грамматикалық немесе синтаксисстік өңделуіндегі қиындықтардың бар-жоғы туралы жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай әңгімелесудің мазмұны мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және жас ерекшеліктеріне сай мүмкіндіктері мен қызығушылықтарының щеңберімен белгіленеді. Мысалы: «Менің отбасым»,
«Менің жақсы көретін ойындарым», «Менің сүйікті кітаптарым», «Сүйікті мультфильмдерім», «Компьютерлік ойындар» (6-7 жастағы балалар үшін). Кіріспе әңгімелесу барысында алынған баланың сөйлеу тілінің үлгілерін логопед сөйлеу картасына жазып отырады.